Жаңбыр, қар, көктайғақ: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

© Sputnik / Пелагия Тихонова
/ Жазылу
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, кей өңірлерде көктайғақ болады
АЛМАТЫ, 16 қазан – Sputnik. "Қазгидромет" 17-19 қазанда Қазақстанда күн суытатынын хабарлады.
Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қар жауады, ал батыста жаңбыр жауады.
Тек Ұлытау облысында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр. Республика бойынша тұман түсіп, елдің шығысында көктайғақ болады. Батыс өңірлерде найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстіктің және оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде түнде ауа температурасы -1…-7°C-қа дейін төмендейді.
Ауа температурасы:
Батыста күндіз +18…+25°C болады.
Солтүстік-батыста түнгі ауа температурасы 0…+5°C-тан -1…-6°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +13…+18°C-тан +15…+20°C-қа дейін көтеріледі.
Солтүстікте түнде ауа температурасы 0…+5°C-тан -1…-6°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +6…+12°C-тан +12…+17°C-қа дейін көтеріледі.
Шығыста түнде ауа температурасы 0…+5°C-тан -1…-6°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +3…+12°C, таулы аймақтарда -2°C болады.
Оңтүстікте түнде +2…+7°C, күндіз +18…+25°C болады.
Оңтүстік-шығыста күндіз +10…+18°C, таулы аймақтарда +3…+8°C жылы болады.
Астанада
17 қазан: таңертең және түстен кейін жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +1…+3°C, күндіз +10…+12°C болады.
18 қазан: жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +10…+12°C болады.
19 қазан: көшпелі бұлт шығады, кешке қарай жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +2…+4°C, күндіз +12…+14°C болады.
Алматыда
17 қазан: жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +1…+3°C, күндіз +13…+15°C болады.
18-19 қазан: күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +2…+4°C, күндіз +15…+17°C болады.
Шымкентте
17 қазан: күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +8…+10°C, күндіз +22…+24°C болады.
18-19 қазан: түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +20…+22°C болады.
