https://sputnik.kz/20261016/qazaqstan-auganstanmen-tauar-aynalymyn-3-mlrd-dollarga-deyin-arttyrmaq-67653575.html
Қазақстан Ауғанстанмен тауар айналымын 3 млрд долларға дейін арттырмақ
Қазақстан Ауғанстанмен тауар айналымын 3 млрд долларға дейін арттырмақ
Sputnik Қазақстан
2026 жылдың басынан бергі кезеңде Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 600 млн долларға жуықтады 16.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-16T20:26+0500
2026-10-16T20:26+0500
2026-10-16T20:26+0500
дәурен абаев
ауғанстан
https://sputnik.kz/img/07ea/09/1c/67124641_0:27:1080:635_1920x0_80_0_0_3764afcccbbef4181993c198f0b90d87.jpg
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Қазақстан Ауғанстанмен арадағы тауар айналымын 3 млрд долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев ҰҚШҰ, ТМД және ШЫҰ аясындағы конференцияда мәлімдеді.Абаев Орталық Азиядағы тұрақтылық аймақ елдерінің бірлескен күш-жігеріне байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, өңірдегі негізгі қауіп-қатерлердің қатарында терроризм, трансшекаралық қылмыс, кибершабуылдар және климаттық тәуекелдер бар.Елшінің мәліметінше, 2026 жылдың толық емес кезеңінде Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы шамамен 600 млн долларды құраған. Екі тарап бұл көрсеткішті 3 млрд долларға дейін арттыруды көздеп отыр.Қазақстан Ауғанстанды Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы көлік бағыттарының маңызды буыны ретінде қарастырады.Маусым айында Қазақстан Ауғанстанға 320 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Сондай-ақ елдің шығысында болған жер сілкіністерінен кейін медициналық миссия ұйымдастырылды.Дәурен Абаев шекара асып таралатын қауіп-қатерлермен күресу үшін өңір елдері қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикалық мәселелерді шешу және гуманитарлық көмек көрсету бағыттарында бірлесіп әрекет етуі қажет екенін атап өтті.
https://sputnik.kz/20250912/qazaqstan-men-auganstan-133-mln-dollardyn-sauda-kelisimine-qol-qoydy-57003150.html
ауғанстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/1c/67124641_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_5cadb3bdf18d49a803e69045558d759d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәурен абаев, ауғанстан
Қазақстан Ауғанстанмен тауар айналымын 3 млрд долларға дейін арттырмақ
2026 жылдың басынан бергі кезеңде Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 600 млн долларға жуықтады
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Қазақстан Ауғанстанмен арадағы тауар айналымын 3 млрд долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев ҰҚШҰ, ТМД және ШЫҰ аясындағы конференцияда мәлімдеді.
Абаев Орталық Азиядағы тұрақтылық аймақ елдерінің бірлескен күш-жігеріне байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, өңірдегі негізгі қауіп-қатерлердің қатарында терроризм, трансшекаралық қылмыс, кибершабуылдар және климаттық тәуекелдер бар.
"Қазақстан көршілерімен тату қарым-қатынас орнатқан және өңірлік экономикалық диалогқа белсенді қатысатын бейбіт, біртұтас әрі тұрақты Ауғанстанның болғанына мүдделі", – деді Дәурен Абаев.
Елшінің мәліметінше, 2026 жылдың толық емес кезеңінде Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы шамамен 600 млн долларды құраған. Екі тарап бұл көрсеткішті 3 млрд долларға дейін арттыруды көздеп отыр.
Қазақстан Ауғанстанды Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы көлік бағыттарының маңызды буыны ретінде қарастырады.
Маусым айында Қазақстан Ауғанстанға 320 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Сондай-ақ елдің шығысында болған жер сілкіністерінен кейін медициналық миссия ұйымдастырылды.
Дәурен Абаев шекара асып таралатын қауіп-қатерлермен күресу үшін өңір елдері қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикалық мәселелерді шешу және гуманитарлық көмек көрсету бағыттарында бірлесіп әрекет етуі қажет екенін атап өтті.