Солтүстік Қазақстанда 5 көлік жол апатына түсті: 3 адам көз жұмды

© Photo : РixabayЗнак аварийной остановки на дороге
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2026
Жазылу
"Audi" жүргізушісі және тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді
АЛМАТЫ, 15 қазан – Sputnik. Республикалық маңызы бар "Петропавл – Көкшетау" автожолында Кременчуг ауылының маңында 5 көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қайғылы оқиға 15 қазанда сағат 08:00 шамасында болған.
"Үш жеңіл автомобиль және "КамАЗ" маркалы екі жүк автомашинасы соқтығысқан. Апат салдарынан "Audi" жеңіл автокөлігінің үш жолаушысы алған жарақатынан көз жұмды", - дейді полиция.
Осы көліктің жүргізушісі және тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Қалған көлік құралдарының жүргізушілері зардап шеккен жоқ. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0