Халықаралық қауіпсіздік архитектурасының іргесі шайқала бастады – Тоқаев

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев выступил на VII саммите СВМДА
Касым-Жомарт Токаев выступил на VII саммите СВМДА - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2026
Жазылу
Өткен жылдың өзінде 20 қарулы қақтығыс болып, 37 мыңнан астам бейбіт тұрғын ажал құшты
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Халықаралық қауіпсіздік архитектурасының іргесі шайқала бастады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК VII саммитінде айтты.
Президенттің пікірінше, әлемде тыңғылықты байыптап, мұқият ойластырылған шешімді қажет ететін аса күрделі әрі бұрын-соңды болмаған үдерістер орын алып жатыр.
"Түптеп келгенде, халықаралық қауіпсіздік архитектурасының іргесі шайқала бастады. Бұл жайт құқық үстемдігі көлеңкеде қалып, күш көрсету басымдыққа ие болған қауіпті үрдіспен қатар жүруде. Былтыр әлемде қарулы қақтығыстар саны Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі көрсеткіштен асып түсті", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, бұл кикілжіңдердің құны статистикалық деректермен ғана емес, адам ғұмырымен де өлшеніп жатыр.
"Өткен жылдың өзінде 20 қарулы қақтығыс болып, 37 мыңнан астам бейбіт тұрғын ажал құшты. 117 миллионнан аса адам босқынға айналды, ал 266 миллион жан ішер асқа жарымай отыр. Бұл үрдіс ұзақ жылдар бойы жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікке қол жеткізуге бағытталған бірлескен саяси күш-жігердің нәтижесін жоққа шығарды. Сондықтан Азияға анағұрлым мықты институттар қажет. Ниеттестік жөніндегі декларациялар қабылдаудың дәуірі өтті", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент 2022 жылы Астанада ұйымдастырылған VI саммитте АӨСШК мүше мемлекеттері Кеңесті толыққанды халықаралық ұйымға айналдыруға уағдаласқанына назар аударды.
"Бүгінде ұйымға төрағалық етіп отырған Әзербайжан бұл миссияны лайықты деңгейде іске асырып келеді. АӨСШК жарғысының қабылдануын асыға күтеміз. Бұл алдағы іс-қимылымыздың жол картасы болады", – деді мемлекет басшысы.
Ол Қазақстанның АӨСШК трансформациясына қатысты ұстанымы бұған дейін бекітілген міндеттемелерге негізделгенін атап өтті.
"Кеңес Азиядағы орнын сақтай отырып, жаһандық серіктестермен ынтымақтастыққа ашық институт болуға тиіс. Ұйым өзара сенім рухындағы дәйекті диалог пен сындарлы консультацияға негізделген қауіпсіздік моделін ілгерілетуі керек", – деп түйіндеді президент.
Тоқаев Бакуде Израиль президенті Ицхак Герцогпен кездесу өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2026
Тоқаев Бакуде Израиль президенті Ицхак Герцогпен кездесу өткізді
Жаңалықтар
0