Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Илон Маск Киевке Starlink жүйесін шабуыл операциялары үшін пайдалануға болмайтынын айтты

Илон Маск  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2026
Жазылу
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Кәсіпкер Илон Масктың мәлімдемеуінше спутниктік байланыс тек азаматтық және қорғаныс мақсаттарына ғана арналған.
Бұл туралы РИА новости жазды.
"Starlink — коммерциялық қызмет. <...> Оны пайдалану азаматтық немесе қорғаныс мақсатындағы іс-әрекеттермен шектеледі және оны әскери шабуыл операциялары үшін қолдануға болмайды, өйткені коммерциялық компания үшін мұндай нәрсеге жол беруге болмайды", — деп атап өтті SpaceX негізін қалаушы.
Маск сондай-ақ азаматтық Starlink желісі мен әскери Starshield спутниктік жүйесінің арасындағы айырмашылықты түсіндірді. Оның айтуынша, соңғысы АҚШ үкіметінің меншігінде және бақылауында. Жүйенің жұмыс жылдамдығына немесе бағдарламалық жасақтамасының жұмыс режимдеріне қатысты кез келген шектеулерді АҚШ әскерилері мен президенті белгілейді.
Кәсіпкердің бұл мәлімдемесі Украинаның бұрынғы қорғаныс министрі Михаил Федоровтың X әлеуметтік желісіндегі жазбасына жауап ретінде айтылды. Ол жазбада Starlink байланысының 160 км/сағ жылдамдыққа дейінгі жағдайда қайта қалпына келтірілгені туралы сөз болған. Сондай-ақ, Федоров жүйенің әскери мақсаттағы нұсқасы — Starshield-ке қатысты шектеулерді толығымен алып тастауға шақырды.
Владимир Зеленскийдің кеңесшісі Сергей Бескрестнов SpaceX компаниясының Украина әскерилері үшін Starlink жүйесінің жұмыс жылдамдығын төмендеткеніне өкініш білдірді. Айтуынша, бұл жағдай Украина Қарулы күштерінің бұрын жоспарлаған кейбір операцияларының бұзылуына әкеп соқтырды және олардың реактивті қозғалтқышы бар дрондарды атып түсіру мүмкіндігін нашарлатқан.
Илон Маск - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Илон Маск Украина бойынша мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
0