Декреттік төлемдерге қатысты қандай өзгеріс енгізіледі – депутат түсіндірді

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, купюры, банкноты
Деньги, тенге, купюры, банкноты   - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2026
Жазылу
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры әйелдің бұрынғы табысының 40 пайызын бала бір жарым жасқа толғанға дейін төлей береді
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Құрылтай депутаты Ләззат Қожахмет келесі жылы декреттік төлемдерге қатысты қандай өзгеріс енгізілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде жүктілік пен босану, сондай-ақ бір жасқа дейінгі бала күтіміне арналған декректтік төлемдер мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді.
"Егер сіз жұмыс істеп, бала дүниеге әкелсеңіз, декреттік төлеміңізді ала бересіз. Сіздің мұқтаж немесе мұқтаж емес екеніңізге, ауқатты не ауқатты емес екеніңізге қарамайды. Сіз жұмыс істедіңіз, ай сайын әлеуметтік аударымдар төлеп тұрдыңыз. Демек, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бұрынғы табысыңыздың 40 пайызын балаңыз бір жарым жасқа толғанға дейін төлейді", - деді Ләззат Қожахмет.
Оның айтуынша, келесі жылы 1 қаңтардан бастап "А" мен "В" тобына кірген әйелдер декреттік төлемдерін ала береді. Заң бойынша жұмыс істемеген және жарна аудармаған әйелдер қордан декреттік төлем алмайды. Бірақ жаңа жылдан бастап жұмыс істемейтін әйелдерге де қордан төлем берілуі мүмкін.
"1 қаңтардан бастап оның отбасы мұқтаж болса ғана бұл төлемді алады. Егер мұқтаж болмаса, яғни, әйел адам жұмысқа жарамды, денсаулығында кінәрат болмаса, отбасында өмір сүруіне қажетті табыс бар деген сөз. Олар декреттік төлемді ала алмайды", - деп түйіндеді депутат.
Мобильный телефон в руке, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2026
Жәрдемақы алатындарға SMS-хабарлама жіберіледі – Жұманғарин
Жаңалықтар
0