32 млн теңге жымқырған: Маңғыстауда облыстық аурухананың бас есепшісіне сот үкімі шықты

© Sputnik / Андрей Старостин / Медиабанкке өтуСудебный молоток
Судебный молоток - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2026
Жазылу
Ол бюджет қаражатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың шоттарына аударып, кейін оларды қолма-қол ақшаға айналдырған
АЛМАТЫ, 15 қазан - Sputnik. Маңғыстауда облыстық аурухананың бас есепшісі 32 млн теңге жымқырған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Сот үкімімен Маңғыстау көп бейінді облыстық ауруханасының бас есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан, сондай-ақ 5 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Тағылған айып - аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу.
"Бас есепші танысымен алдын ала сөз байласып, бюджет қаражатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың шоттарына аударып, кейін оларды қолма-қол ақшаға айналдырған", - дейді прокуратура.
Сотталушылардың кінәсі толық дәлелденді.

Бас есепшінің сыбайласына 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2025
Ақтауда ақша жымқырды деп айыпталған есепші ақталып шықты
Жаңалықтар
0