Жәрдемақы тағайындау үшін отбасының жағдайы ай сайын тексеріледі – министр

© Sputnik / Абзал КалиевПортмоне с деньгами
Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2026
Жазылу
Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік деректер базаларынан мәлімет жинап, отбасының жағдайын бірнеше бағыт бойынша бағалайды
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев жәрдемақы алатын адамдардың жағдайын тексеру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде әрбір отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы отбасының цифрлық картасы негізінде анықталады.
"Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік деректер базаларынан мәлімет жинап, отбасының жағдайын бірнеше бағыт бойынша бағалайды. Шамамен 51 белгі бар. Соның ішінде жұмыспен қамту, табыс, жылжитын және жылжымайтын мүлік, кредитердің бар-жоғы, білім деңгейі және тағы басқа мәліметтер бар. Осылайша, жүйе бәрін талдап, адамның және отбасының әлеуметтік санатын анықтайды", - деді Ертаев Құрылтайдың бүгінгі отырысында.
Бұдан былай отбасының немесе адамның әлеуметтік санаты емес, мұқтаждық тобы болады.
1.
А тобы – жоғары деңгей;
2.
В тобы – ауқатты деңгей;
3.
С тобы – қанағаттанарлық деңгей;
4.
D тобы – экономикалық осал деңгей;
5.
Е тобы – экономикалық және әлеуметтік осал деңгей.
"А" және "В" тобына кіргендерге жәрдемақы берілмейді. Ертаевтың айтуынша, әрбір отбасының әлеуметтік-экономикалық тобы ай сайын тексеріледі. "В" тобына кіретіндер белгілі бір себептермен "С"-ға түсіп кетсе, автоматты түрде жәрдемақы тағайындалады.
"Заң бойынша 2027 жылы 1 қаңтардан бастап екінші деңгейлі банктер жәрдемақы алушы және оның отбасы мүшелерінің келісімімен банк шоттары мен депозиттер бойынша ақпаратты да ұсынады. Соның аясында отбасының табысы мен кірісі ескеріледі", - деп түйіндеді министр.
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Құрылтайда сөз сөйледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2026
"Бұлай болғаны әділетсіз": Бектенов жаңа жылдан бастап жәрдемақыны кімдер алатынын айтты
Жаңалықтар
0