Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Байденнің Ресейге қатысты ұстанымын сынға алды

© Sputnik / Наталья СеливерстоваОфициальная резиденция президента США
Официальная резиденция президента США - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2026
Жазылу
АҚШ президенті Украинадағы соғыстың басталуына Байденнің әрекеттері де әсер еткенін айтты
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғыстың басталуына бұрынғы президент Джо Байденнің Ресейге қатысты ұстанымы да себеп болғанын мәлімдеді.
"Білесіздер ме, бұл соғыс ішінара Байденнің Ресей мен басқа елдерді үнемі келемеждеп, өзі не істеп жатқанын мүлде түсінбеуінен басталды. Бұл соғыс басталмауы керек еді. Егер президент мен болғанда, соғыс болмас еді", – деді Трамп Gray Media телекомпаниясына берген сұхбатында.
Бұған дейін Трамп Байденнің Украинаға жүздеген миллиард доллар жұмсағанын, алайда АҚШ-тың Киевке көмек көрсетуге міндетті болмағанын мәлімдеген еді.
Президент США Дональд Трамп  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп: Ресей Украинаға қарағанда бейбіт келісімге келуге көбірек мүдделі
Жаңалықтар
0