Шығыс Қазақстанда үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза болды

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаШығыс Қазақстанда өрттен әйел мен екі бала қаза болды
Шығыс Қазақстанда өрттен әйел мен екі бала қаза болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2026
Жазылу
Өрт 63 шаршы метр аумақты шарпыған
АЛМАТЫ, 14 қазан - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданына қарасты Бобровка ауылында үй өртенді.
Тілсіз жау салдарынан әйел мен екі бала қаза болды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына дереу жеткен. Олар келген кезде тұрғын үй толығымен отқа оранып, шатыр құлаған.
"Өртті сөндіру барысында әйелдің және екі кәмелетке толмағандардың денелері табылды", - дейді өрт сөндірушілер.
Өрт 63 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Жетісу облысында бір отбасының үш баласы өрттен көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2026
Жетісу облысында бір отбасының үш баласы өрттен көз жұмды - фото
Жаңалықтар
0