Құрылтай алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдады

© Пресс-служба правительства КазахстанаПремьер Казахстана Олжас Бектенов выступил в Курултае
Премьер Казахстана Олжас Бектенов выступил в Курултае - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2026
Жазылу
2027 жылы меншікті кірістер 19,9 трлн теңге көлемінде болжанып отыр
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Құрылтай депутаттары "2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Жобаға сәйкес, алдағы орта мерзімді кезеңде жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсу қарқыны 5,4%-ды құрайды.
"Жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 2027 жылы 7,5-9,5% деңгейінде белгіленіп, 2029 жылға қарай 6%-ға дейін төмендейді деп күтілуде. Республикалық бюджет тапшылығын кезең соңына қарай ЖІӨ-нің 0,4%-ына дейін қысқарту, ал меншікті кірістерді 23,4 трлн теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр", - деп жазылған Құрылтай хабарламасында.
Сонымен қатар Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт көлемі біртіндеп азайтылып, 2 трлн теңгеге дейін төмендейді.
2027 жылы меншікті кірістер 19,9 трлн теңге көлемінде болжанып отыр. Оның басым бөлігін салық түсімдері құрайды. Сондай-ақ 5,5 трлн теңге көлемінде трансферт түседі деп күтілуде. Республикалық бюджет шығыстары 30,2 трлн теңге көлемінде жоспарланған. Оның үштен бірінен астамы ғылым, білім беру және медицина салаларын қолдауды күшейту арқылы адами капиталды дамытуға бағытталады.
Өзге басым бағыттардың қатарында өңірлерді қолдау, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету және басқа да міндеттер бар.
"Атап айтқанда, келесі жылы экономиканың нақты секторын дамытуға 3,7 трлн теңге қарастырылған. Бұл қаражаттың басым бөлігі көлік инфрақұрылымына, ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, кәсіпкерлікке және цифрлық дамуға бағытталады", - деп жазылған хабарламада.
Заң жобасын қарау барысында депутаттар ерекше назар аударуды қажет ететін бірқатар мәселені көтерді. Олардың қатарында макроэкономикалық болжамдардың дәлдігін арттыру және бюджеттің меншікті кірістерінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету бар. Сондай-ақ Ұлттық қордың тұрақтандыру және жинақтау функцияларын сақтай отырып, одан берілетін трансферттерге тәуелділікті азайту қажеттігі аталып өтті.
Здание правительства РК в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2026
Экономика
Қазақстан экономикасы теріс факторларға қарамаcтан өсіп келеді - үкімет
Жаңалықтар
0