https://sputnik.kz/20261014/qauipsiz-shotqa-audarmaq-bolgan-petropavl-turgyny-3-mln-tengesinen-ayyryla-zhazdady-67556603.html
"Қауіпсіз шотқа" аудармақ болған: Петропавл тұрғыны 3 млн теңгесінен айырыла жаздады
"Қауіпсіз шотқа" аудармақ болған: Петропавл тұрғыны 3 млн теңгесінен айырыла жаздады
Sputnik Қазақстан
Слесарь болып жұмыс істейтін 49 жастағы азамат алаяқтардың өзін қалай алдағанын айтып берді 14.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-14T14:32+0500
2026-10-14T14:32+0500
2026-10-14T14:32+0500
петропавл
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/25/46/254637_0:285:5472:3363_1920x0_80_0_0_caf1320e9b87b06f8a075f9b4056bcb9.jpg
АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. Петропавлда алаяқтарға 3 млн теңге аудармақ болған слесарьді полицейлер дер кезінде тоқтатты, деп хабарлайды Polisia.kz.Қаладағы сауда үйлерінің бірінде полиция аға лейтенанты Еркебұлан Құрбаниязов банкоматтардың жанында телефонмен ұзақ сөйлесіп, қатты қобалжып тұрған ер адамды байқайды. Оның қолындағы жасыл пакеттің ішінен ақша бумалары көрініп тұрған.Еркебұлан қызметтік куәлігін көрсетіп, ер адамға телефонның ар жағында алаяқтар болуы мүмкін екенін ескертті. Алайда қала тұрғыны полицейдің сөзіне құлақ асқысы келмеді. Алаяқтар ер адамға егер біреу оны тоқтатуға тырысса, оған сенбеу керектігін айтып, полицейлердің өзі оның атына несие рәсімдегісі келетін қылмыскерлер болуы мүмкін деп сендірген.Полицейдің табандылығының арқасында ер адам райынан қайтып, ақшасын сақтап қалды.Одан кейін банк қызметкері болып танысқан адам қоңырау шалып, неліктен осы санды басқанын сұраған. Алаяқтар оның атына кредит рәсімделіп жатқанын айтып, мәселені шешу үшін кредит алып, ақшаны "қауіпсіз шотқа" аудару қажеттігіне сендірген.
https://sputnik.kz/20261012/aqmola-oblysynda-kredit-almaq-bolgan-ayel-2-mln-tengesin-alayaqtarga-berip-zhibergen-67512017.html
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/25/46/254637_304:0:5168:3648_1920x0_80_0_0_cc07fe909462bbbeffb38fc257f01146.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл, алаяқтық
"Қауіпсіз шотқа" аудармақ болған: Петропавл тұрғыны 3 млн теңгесінен айырыла жаздады
Слесарь болып жұмыс істейтін 49 жастағы азамат алаяқтардың өзін қалай алдағанын айтып берді
АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. Петропавлда алаяқтарға 3 млн теңге аудармақ болған слесарьді полицейлер дер кезінде тоқтатты, деп хабарлайды
Polisia.kz. Қаладағы сауда үйлерінің бірінде полиция аға лейтенанты Еркебұлан Құрбаниязов банкоматтардың жанында телефонмен ұзақ сөйлесіп, қатты қобалжып тұрған ер адамды байқайды. Оның қолындағы жасыл пакеттің ішінен ақша бумалары көрініп тұрған.
Еркебұлан қызметтік куәлігін көрсетіп, ер адамға телефонның ар жағында алаяқтар болуы мүмкін екенін ескертті. Алайда қала тұрғыны полицейдің сөзіне құлақ асқысы келмеді. Алаяқтар ер адамға егер біреу оны тоқтатуға тырысса, оған сенбеу керектігін айтып, полицейлердің өзі оның атына несие рәсімдегісі келетін қылмыскерлер болуы мүмкін деп сендірген.
Полицейдің табандылығының арқасында ер адам райынан қайтып, ақшасын сақтап қалды.
"Слесарь болып жұмыс істейтін 49 жастағы азамат алаяқтардың өзін қалай алдағанын айтып берді. Алдымен оған автоматты дауыс хабарласып, электронды цифрлық қолтаңбасының қолданылу мерзімі аяқталып келе жатқанын айтып, оны ұзарту үшін "1" санын басуды ұсынған", - деп жазылған хабарламада.
Одан кейін банк қызметкері болып танысқан адам қоңырау шалып, неліктен осы санды басқанын сұраған. Алаяқтар оның атына кредит рәсімделіп жатқанын айтып, мәселені шешу үшін кредит алып, ақшаны "қауіпсіз шотқа" аудару қажеттігіне сендірген.