"Орындыққа байлап қойған": Астанадағы балабақшада ерекше бала жәбір көрді

© Photo : Esi GrünhagenРебенок играет
Ребенок играет - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2026
Жазылу
Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді дұрыс орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Астанадағы ерекше балаларға арналған "Результат" балабақшасында тәрбиешінің көмекшісі баланы ұрып-соққан. Бүлдіршіннің анасы әділдік іздеп, көмек сұрап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жәбірленген баланың анасы әлеуметтік желіде жазба жариялап, болған жағдай туралы айтты.
"Видеодағы бала – менің ұлым Сұлтан. Ол – ерекше бала. Ерекше балаларға арналған түзету балабақшасында жәбір көрді. Оның жағдайын жақсартуға көмектесуі керек жерде, керісінше, қысым көрді. Орындыққа байлап қойған. Ол сөйлей алмайды, өзін қорғай алмайды. Бұл – айына 220 мың теңге төлейтін “Результат” балабақшасы", – дейді баланың анасы Әсем Қасқабаева.
Әйелдің айтуынша, тергеу жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмей жатыр.
"Полиция әлі күнге дейін балабақшаға келген жоқ. Бейнебақылау камераларының барлық жазбасы алынбаған. Оқиға болған күнге қатысты бір ғана бейнежазба бар. Камераға түскені – осы. Бұған дейін не болғаны және бейнежазбаға түспеген басқа жағдайлар белгісіз. Сондықтан тексеру бір күнмен және бір бейнемен шектелмеуі керек", – дейді ол.
Астана қаласының полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді дұрыс орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бейнежазбаның 2025 жылғы қазан айында түсірілгені анықталды. Полиция қызметкерлері түзету бағытындағы балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істеген әйелді анықтады. Ол полиция басқармасына жеткізілді.

Қазіргі уақытта зардап шеккен балалардың ата-аналары анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция департаменті.
2 жасар бүлдіршін балабақшада күйіп қалған: анасы әділдік іздейді - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2025
2 жасар бүлдіршін балабақшада күйіп қалған: анасы әділдік іздейді
Жаңалықтар
0