Елде қызметкерлердің 58%-ы 300 мың теңгеден жоғары жалақы алады

© Sputnik / Абзал КалиевЕлде қызметкерлердің 58%-ы 300 мың теңгеден жоғары жалақы алады
Елде қызметкерлердің 58%-ы 300 мың теңгеден жоғары жалақы алады - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2026
Жазылу
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы қызметкерлердің кәсіптері мен лауазымдары бойынша жалақы көрсеткіштерін жариялады.
Іріктемелі зерттеу қорытындысы бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардағы қызметкерлер саны 3 378,6 мың адам. Оның ішінде ерлердің үлесі – 48,1% (1 626,4 мың адам), ал әйелдер – 51,9% (1 752,2 мың адам).

2026 жылы қызметкерлердің жалақы мөлшері бойынша бөлінісінде жоғары жалақы санаттарына ауысу үрдісі жалғасты. Жалақысы:
100 мың теңгеге дейінгі қызметкерлердің үлесі 3,3%-дан 2,3%-ға дейін төмендеді;
100 мыңнан 300 мың теңгеге дейінгі қызметкерлердің үлесі 43,0%-дан 39,3%-ға дейін төмендеді;
300 мың теңгеден жоғары жалақы алатын қызметкерлердің үлесі 53,7%-дан 58,4%-ға дейін өсті.
Өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салаларының қызметкерлерін қоса алғанда, барлық кәсіптік топтарда атаулы жалақының оң динамикасы байқалды, дейді бюро.
Кім қанша жалақы алады:
ұйым басшылары – 1,1 млн теңге;
инженерлер – 702 мың теңге;
️дәрігерлер – 491,4 мың теңге;
️бухгалтерлер – 398,6 мың теңге;
️автомобиль жүргізушілері – 328,1 мың теңге;
️мейіргерлер – 264,6 мың теңге;
️аспаздар – 192,6 мың теңге;
️күзетшілер – 174,2 мың теңге.
Қазақстанда ең төменгі жалақы қашан көтеріледі – Жұманғарин жауап берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақы қашан көтеріледі – Жұманғарин жауап берді
Жаңалықтар
0