Алматыда Бельгия королі мен патшайымына радиофармацевтикалық препарат өндірісі көрсетілді

© Photo : Пресс-служба Агентства по атомной энергии Бельгия королі мен ханшайымы Алматыдағы Ядролық физика институтына барды.
Бельгия королі мен ханшайымы Алматыдағы Ядролық физика институтына барды. - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2026
Жазылу
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Алматыдағы Ядролық физика институтына барды.
© Photo : Пресс-служба Агентства по атомной энергии Бельгия королі мен патшайымы Алматыға барды
Король и королева Бельгии посетили Институт ядерной физики в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2026
Бельгия королі мен патшайымы Алматыға барды
Онда медициналық диагностикаға (соның ішінде қатерлі ісікті анықтауға) қажетті радиоизотоптарды өндіруге арналған бөлшектер үдеткіші — Бельгияда жасалған циклотрон көрсетілді.
"Қонақтар институттың ғылыми-өндірістік инфрақұрылымымен танысып, жаңа Cyclone-18/9 циклотрон кешені мен WWR-K зерттеу реакторын аралады", — делінген хабарламада.
Агенттік серіктестіктің маңызды нәтижесі ретінде 2014 жылы бельгиялық IBA компаниясының Cyclone-30 циклотронын жеткізуін атап өтті.
© Photo : Пресс-служба Агентства по атомной энергии Бельгия королі мен патшайымы Алматыға барды
Король и королева Бельгии посетили Институт ядерной физики в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2026
Бельгия королі мен патшайымы Алматыға барды
"Ядролық физика институтында орнатылған бельгиялық циклотрон – Қазақстанның ядролық медицина инфрақұрылымының маңызды бөлігі және ол әлеуметтік тұрғыдан аса маңызды радиофармацевтикалық препараттарды өндіру үшін қолданылады", – деді Атом энергиясы жөніндегі агенттік басшысы Алмасадам Сәтқалиев.
Медициналық радиоизотоптар WWR-K зерттеу реакторы мен Cyclone-30 циклотронының көмегімен өндіріледі. Бұл изотоптар онкологиялық және жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалауға, сондай-ақ қалқанша безінің ауруларын (оның ішінде қатерлі ісікті) емдеуге арналған радиофармацевтикалық препараттарды дайындауда негіз болып табылады.
Шара барысында Ұлттық радиоэлементтер институтымен радиоэкология саласындағы ынтымақтастықты көздейтін келісім (IRE) жасалды.
© Photo : Пресс-служба Агентства по атомной энергии Бельгия королі мен патшайымы Алматыға барды
Король и королева Бельгии посетили Институт ядерной физики в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2026
Бельгия королі мен патшайымы Алматыға барды
Ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарының бірі – актиний-225 радиоизотопын өндіру технологиясын әзірлеу.
13 қазанда Ректорлар форумы аясында Ядролық физика институты мен Гент университеті арасында меморандумға қол қойылуы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болды.
© Photo : Пресс-служба Агентства по атомной энергии Бельгия королі мен патшайымы Алматыға барды
Король и королева Бельгии посетили Институт ядерной физики в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2026
Бельгия королі мен патшайымы Алматыға барды
Бұдан бөлек мәртебелі меймандар ат спорты шоуын тамашалап, қазақтың дәстүрлі киіз үйімен танысты.
Сапар барысында түсірілген суреттермен Бельгияның Корольдік сарайы әлеуметтік желілерде бөлісті.
Қасым-Жомарт Тоқаев бельгиялықтар королі Филипп пен патшайым Матильданы елорда әуежайынан шығарып салды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2026
Саясат
Тоқаев Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильданы Алматыға шығарып салды
Жаңалықтар
0