https://sputnik.kz/20261014/almaty-oblysynda-sottalushy-ukimmen-kelispey-sot-zalynda-ozine-zharaqat-saldy-67574472.html
Алматы облысында сотталушы үкіммен келіспей, сот залында өзіне жарақат салды
Алматы облысында сотталушы үкіммен келіспей, сот залында өзіне жарақат салды
Sputnik Қазақстан
Сот оны 19 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған 14.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-14T12:21+0500
2026-10-14T12:21+0500
2026-10-14T12:21+0500
алматы облысы
сот
https://sputnik.kz/img/12/82/128220_0:432:4608:3024_1920x0_80_0_0_84e6bdc43a7cf427cb9001347394bd24.jpg
АЛМАТЫ, 14 қазан – Sputnik. Алматы облысының Қарасай аудандық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы үкіммен келіспей, өзіне жарақат салды. Бұл туралы облыстық сот Sputnik Қазақстанға хабарлады.Сотталушы өгей қызын бірнеше жыл бойы зорлады деп айыпталған. Сот отырысы жабық түрде өткен.Сот оны 19 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Үкімді жариялау кезінде сотталушы шешіммен келіспейтінін айтып, темірге ұқсас затпен мойын тұсын жарақаттаған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, сотталушы ауруханаға жеткізілген.Алматы облыстық сотының мәліметінше, оқиға 13 қазанда болған."Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасады деп айыпталған азаматқа үкім оқылды. Үкімді жариялау барысында сотталушы қарсылық ретінде өзіне дене жарақатын салды. Осыған байланысты тиісті құқық қорғау органдары мен сот әкімшілігі тексеру жүргізіп жатыр", – деп хабарлады облыстық сот.
https://sputnik.kz/20210506/sot-tanymal-sportshy-16979377.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/12/82/128220_0:0:4608:3456_1920x0_80_0_0_94c960f057d8bbe86e7f741553f5d4a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, сот
Алматы облысында сотталушы үкіммен келіспей, сот залында өзіне жарақат салды
Сот оны 19 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған
АЛМАТЫ, 14 қазан – Sputnik. Алматы облысының Қарасай аудандық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы үкіммен келіспей, өзіне жарақат салды. Бұл туралы облыстық сот
Sputnik Қазақстанға хабарлады.
Сотталушы өгей қызын бірнеше жыл бойы зорлады деп айыпталған. Сот отырысы жабық түрде өткен.
Сот оны 19 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Үкімді жариялау кезінде сотталушы шешіммен келіспейтінін айтып, темірге ұқсас затпен мойын тұсын жарақаттаған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, сотталушы ауруханаға жеткізілген.
Алматы облыстық сотының мәліметінше, оқиға 13 қазанда болған.
"Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасады деп айыпталған азаматқа үкім оқылды. Үкімді жариялау барысында сотталушы қарсылық ретінде өзіне дене жарақатын салды. Осыған байланысты тиісті құқық қорғау органдары мен сот әкімшілігі тексеру жүргізіп жатыр", – деп хабарлады облыстық сот.