Түркістан облысында шатырдан табылған 5 млн теңгенің иесі анықталды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, доллары
Деньги, тенге, доллары - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2026
Жазылу
Жанашыр тұрғындар қарт әйелдің үйін жөндеп жүрген кезде қомақты ақша тауып алған
АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында қарт әйелдің жылдар бойы жинаған ақшасы шатырдан табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға жеке тұрғын үйдің шатырынан қомақты ақша табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері тексеру барысында 5 миллион теңгеден астам ақша салынған бірнеше пакетті тапқан.
"Жанашыр тұрғындар қарт әйелдің үйін жөндеп беруге ниет білдіріп, іске кіріскен. Жөндеу жұмыстары шатырға жеткенде, олар сол жерден бірнеше пакетке салынған қомақты қаражат тауып алған. Содан бірден полиция қызметкерлеріне хабар берген. Үй иесінің айтуынша, ол қаражатты жылдар бойы жинаған", - дейді полиция.
Қажетті іс-шаралар өткізіліп, барлық жағдай анықталғаннан кейін ақша заңды иесіне қайтарылады.
Ақша, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2018
Қоғам
Астана тұрғыны қомақты ақша тауып алды
Жаңалықтар
0