Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2026
Жазылу
Гимназияда дезинфекция жүргізілді
АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. Павлодардағы дарынды балаларға арналған №3 гимназияның оқушысы туберкулезге шалдықты деген күдікпен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқушының ауырғаны туралы мәлімет 7 қазанда белгілі болған. Қыз Павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығына жіберілген. Қазіргі жағдайы қанағаттанарлық, ол медициналық көмек алып жатыр.
"Сынып оқушыларына Манту сынамасы жүргізілді. Сондай-ақ оқу кабинеттері мен ортақ пайдаланылатын орындарда дезинфекциялық өңдеуді қоса алғанда, қажетті профилактикалық іс-шаралар өткізілді", – деп хабарлады облыстық білім басқармасы.
Сонымен қатар флюорографиялық тексеруден өту мерзімі келген қызметкерлер тиісті тексеруден өтеді.
Білім басқармасының мәліметінше, жоспарлы профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр. Гимназияда дезинфекциялық құралдармен ылғалды тазалау жүргізіліп, сынып бөлмелері үнемі желдетіліп тұрады.
Жөтел - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2026
Қазақстанда туберкулез жұқтыру көрсеткіші 11%-ға төмендеді
Жаңалықтар
0