https://sputnik.kz/20261013/europalyqtardyn-53-y-ukrainanyn-eo-ga-zhedel-qosyluyn-qoldamaydy---baq-67549189.html
Еуропалықтардың 53%-ы Украинаның ЕО-ға жедел қосылуын қолдамайды - БАҚ
Еуропалықтардың 53%-ы Украинаның ЕО-ға жедел қосылуын қолдамайды - БАҚ
Sputnik Қазақстан
ЕО-ның ең ірі он елінің ішінде Германия тұрғындары Украинаның одаққа мүше болуына қатысты ең үлкен күмәнмен қарайды 13.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-13T14:27+0500
2026-10-13T14:27+0500
2026-10-13T14:27+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/06/13/64257793_0:124:3203:1925_1920x0_80_0_0_f08d4da6e8e39c5fd31d59d4da5720fe.jpg
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Еуропалықтардың жартысынан азы Украинаның Еуропалық Одаққа мерзімінен бұрын қосылуын қолдайды, деп хабарлайды DPA ақпарат агенттігі Германиядағы "Бертельсманн" қорының зерттеуіне сілтеме жасай отырып.Бұл туралы РИА новости жазды.Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, ЕО азаматтарының 47%-ы Украинаның алдағы жылдары одаққа қабылдануын қолдауға дайын, ал 53%-ы бұл идеяны құптамайды.ЕО-ның ең ірі он елінің ішінде Германия тұрғындары Украинаның одаққа мүше болуына қатысты ең үлкен күмәнмен қарайды.Неміс азаматтарының тек 41%-ы ғана елдің блокқа жедел қосылуын қолдайды. Қордың 2022 жылғы зерттеуі сол кезде неміс халқы арасында бұл көрсеткіштің 60%-ды құрағанын көрсеткен болатын.Румынияда Украинаның ЕО-ға жедел қосылуын қолдау деңгейі төменірек болып, респонденттердің 40%-ын құрады.Қор деректеріне сәйкес, шведтердің 69%-ы Украинаның ЕО-ға жедел қосылуын қолдайды. Bertelsmann мәліметінше, бұл – ірі еуропалық елдер арасындағы ең жоғары көрсеткіш.Сондай-ақ, украиналықтардың 83%-ы Украинаның алдағы жылдары Еуропалық Одаққа қосылатынына сенім білдіреді.Зерттеуге ЕО-ның барлық елдерінен 16 800 тұрғын қатысты. Агенттік зерттеу мерзімдері немесе статистикалық қателік шегіне қатысты нақты деректерді ұсынған жоқ.
https://sputnik.kz/20261005/vengriya-ukrainanyn-euroodaqqa-kiru-kelissozderine-qoyylgan-vetony-alyp-tastaydy---baq-67327136.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/13/64257793_236:0:2965:2047_1920x0_80_0_0_9aad9ca6770f6b3a2230ef75122c20d4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Еуропалықтардың 53%-ы Украинаның ЕО-ға жедел қосылуын қолдамайды - БАҚ
ЕО-ның ең ірі он елінің ішінде Германия тұрғындары Украинаның одаққа мүше болуына қатысты ең үлкен күмәнмен қарайды
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Еуропалықтардың жартысынан азы Украинаның Еуропалық Одаққа мерзімінен бұрын қосылуын қолдайды, деп хабарлайды DPA ақпарат агенттігі Германиядағы "Бертельсманн" қорының зерттеуіне сілтеме жасай отырып.
Бұл туралы
РИА новости жазды.
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, ЕО азаматтарының 47%-ы Украинаның алдағы жылдары одаққа қабылдануын қолдауға дайын, ал 53%-ы бұл идеяны құптамайды.
ЕО-ның ең ірі он елінің ішінде Германия тұрғындары Украинаның одаққа мүше болуына қатысты ең үлкен күмәнмен қарайды.Неміс азаматтарының тек 41%-ы ғана елдің блокқа жедел қосылуын қолдайды. Қордың 2022 жылғы зерттеуі сол кезде неміс халқы арасында бұл көрсеткіштің 60%-ды құрағанын көрсеткен болатын.
Румынияда Украинаның ЕО-ға жедел қосылуын қолдау деңгейі төменірек болып, респонденттердің 40%-ын құрады.
Қор деректеріне сәйкес, шведтердің 69%-ы Украинаның ЕО-ға жедел қосылуын қолдайды. Bertelsmann мәліметінше, бұл – ірі еуропалық елдер арасындағы ең жоғары көрсеткіш.
Сондай-ақ, украиналықтардың 83%-ы Украинаның алдағы жылдары Еуропалық Одаққа қосылатынына сенім білдіреді.
Зерттеуге ЕО-ның барлық елдерінен 16 800 тұрғын қатысты. Агенттік зерттеу мерзімдері немесе статистикалық қателік шегіне қатысты нақты деректерді ұсынған жоқ.