https://sputnik.kz/20261013/eks-ministr-europaga-elshi-bolyp-barady-67533685.html
Экс-министр Еуропаға елші болып барады
Экс-министр Еуропаға елші болып барады
Sputnik Қазақстан
Көшербаев бір жыл сыртқы істер министрі болды 13.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-13T12:26+0500
2026-10-13T12:26+0500
2026-10-13T12:28+0500
елші
https://sputnik.kz/img/07ea/06/19/64423436_0:140:2560:1580_1920x0_80_0_0_7e4699d1f93464230032a91838026071.jpg
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Бұрынғы сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Аустрияға елші болып тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ақорда мемлекет басшысының бүгінгі жарлығын жариялады.Айта кетері, бұған дейін Көшербаев бір жыл сыртқы істер министрі болған. Ал қазіргі министр Мұхтар Тілеуберді Аустрияда елші қызметін атқарған. Биыл үкіметтің отставкасынан кейін Тілеуберді министрі болып келді. Ал Көшербаев оның орнына тағайындалып отыр.Пәкістанға жаңа елші тағайындалдыТоқаев Пәкістанға да жаңа елші жіберді. Президенттің жарлығымен Еркін Тұқымов Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды.Ал Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстанның Марокко Корольдігіндегі елшісі, Қазақстанның Того Республикасындағы елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
https://sputnik.kz/20260904/toqaev-marat-sultangazievti-almaty-oblysynyn-akimi-lauazymynan-bosatty-66370062.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/19/64423436_134:0:2427:1720_1920x0_80_0_0_acef6c09d9c48eafdfa932c7e305bd9e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
елші
Экс-министр Еуропаға елші болып барады
12:26 13.10.2026 (жаңартылды: 12:28 13.10.2026) Көшербаев бір жыл сыртқы істер министрі болды
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Бұрынғы сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Аустрияға елші болып тағайындалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Ақорда мемлекет басшысының бүгінгі жарлығын жариялады.
"Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, бұған дейін Көшербаев бір жыл сыртқы істер министрі болған. Ал қазіргі министр Мұхтар Тілеуберді Аустрияда елші қызметін атқарған. Биыл үкіметтің отставкасынан кейін Тілеуберді министрі болып келді. Ал Көшербаев оның орнына тағайындалып отыр.
Пәкістанға жаңа елші тағайындалды
Тоқаев Пәкістанға да жаңа елші жіберді. Президенттің жарлығымен Еркін Тұқымов Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды.
Ал Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстанның Марокко Корольдігіндегі елшісі, Қазақстанның Того Республикасындағы елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.