Бағаны 3 есеге өсірген: inDrive сервисіне ескерту жасалды

© Sputnik / Наталья Селиверстова
/ Жазылу
"Яндекс" істен шыққанда сервис бағаны негізсіз өсірген
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. "Яндекс Go" қосымшасы істен шығып, сұраныс артқан сәтте inDrive-та такси бағасы кей жерлерде бірден 3 есеге дейін қымбаттап кеткен.
Бұл жағдайға Бәсекелестікті қорғау агенттігі араласты.
Агенттік сервиске бағаны негізсіз өсірмеуді және тұтынушы құқығын таптамауды ескертті.
Өз кезегінде inDrive:
▪️міндетті салықтарды төлеуге жеткілікті ең төменгі деңгейге дейін комиссияны төмендеткенін;
▪️жолаушылар мен жүргізушілер арасындағы саудаласудың шекті мөлшеріне қатысты шектеулер енгізгенін хабарлады.

"Алдын ала ескерту ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алуға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және такси агрегаторлары нарығында адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған", - дейді агенттік.