https://sputnik.kz/20261013/aqsh-pen-europa-ukrainadagy-qaqtygysty-retteudin-zhana-zhosparyn-azirlep-zhatyr--wp-67555634.html
АҚШ пен Еуропа Украинадағы қақтығысты реттеудің жаңа жоспарын әзірлеп жатыр – WP
АҚШ пен Еуропа Украинадағы қақтығысты реттеудің жаңа жоспарын әзірлеп жатыр – WP
Sputnik Қазақстан
Дүниежүзілік банк пен BlackRock корпорациясы Украина экономикасын қалпына келтіруге инвестиция салуға мүдделі 13.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-13T21:48+0500
2026-10-13T21:48+0500
2026-10-13T21:48+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/1e/58313917_0:391:2946:2048_1920x0_80_0_0_b72beebac7e16bf0c42fc0b2dbc7fda4.jpg
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. АҚШ пен Еуропа Украинадағы қақтығысты реттеудің жаңа жоспары бойынша жұмыс істеп жатыр. Ол Ресейге қарсы санкцияларды алып тастауды, Украинаны қалпына келтіруге инвестиция салуды және майдан шебінде атысты тоқтатуды қамтиды. Бұл туралы The Washington Post америкалық шенеунікке сілтеме жасап жазды.Бірінші бағыт – Украинаны қалпына келтіру. Басылымның мәліметінше, Дүниежүзілік банк пен BlackRock халықаралық инвестициялық басқару корпорациясы Украина экономикасын қалпына келтіруге инвестиция салуға мүдделі. Олардың Владимир Зеленскийдің қаржыға қатысты көптеген қажеттілігін өтеуге негіз әзірлеуді жоспарлап отырғаны айтылған. Алайда басылым жазғандай, Киев әзірге бұл үшін қанша қаражат қажет болатынын есептемеген.Сондай-ақ АҚШ пен Еуропа Киевке НАТО жарғысының 5-бабына ұқсас қауіпсіздік кепілдіктерін ұсынбақ. Шенеуніктің айтуынша, жоспар аясында Еуропа аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын Ресеймен де келіседі.Жоспардың үшінші бағыты – энергетикалық келісім арқылы Ресей, Украина және Еуропаның экономикалық интеграциясы. Басылымның мәліметінше, мұның бір нұсқасы Ресей мұнайы мен газын Еуропаға жеткізетін құбыр болуы мүмкін. Одан түсетін пайда Ресей мен Украина арасында бөлінеді. Бұдан бөлек, реттеу жоспарында Ресейге қарсы санкцияларды алып тастаудың нақты мерзімдері мен шарттары қарастырылған.Жоспардың соңғы бөлігі – қазіргі майдан шебі бойында атысты тоқтату.
https://sputnik.kz/20260818/ft-aqsh-ukraina-boyynsha-zhana-kelissoz-zhurgizushilerden-umit-kutedi-65798865.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/1e/58313917_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_8ce6a660134a0d93cb502ac3188a5da2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
АҚШ пен Еуропа Украинадағы қақтығысты реттеудің жаңа жоспарын әзірлеп жатыр – WP
Дүниежүзілік банк пен BlackRock корпорациясы Украина экономикасын қалпына келтіруге инвестиция салуға мүдделі
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. АҚШ пен Еуропа Украинадағы қақтығысты реттеудің жаңа жоспары бойынша жұмыс істеп жатыр. Ол Ресейге қарсы санкцияларды алып тастауды, Украинаны қалпына келтіруге инвестиция салуды және майдан шебінде атысты тоқтатуды қамтиды. Бұл туралы The Washington Post америкалық шенеунікке сілтеме жасап жазды.
"АҚШ пен Еуропа аумақтық реттеуге негіз болатын, Украина мен Ресейге қаржылық пайда әкеліп, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ортақ бейбітшілік жоспарын әзірлеу бағытында баяу ілгерілеп келеді. Жоспар төрт негізгі құрамдас бөліктен тұрады", – деп жазды басылым.
Бірінші бағыт – Украинаны қалпына келтіру. Басылымның мәліметінше, Дүниежүзілік банк пен BlackRock халықаралық инвестициялық басқару корпорациясы Украина экономикасын қалпына келтіруге инвестиция салуға мүдделі. Олардың Владимир Зеленскийдің қаржыға қатысты көптеген қажеттілігін өтеуге негіз әзірлеуді жоспарлап отырғаны айтылған. Алайда басылым жазғандай, Киев әзірге бұл үшін қанша қаражат қажет болатынын есептемеген.
Сондай-ақ АҚШ пен Еуропа Киевке НАТО жарғысының 5-бабына ұқсас қауіпсіздік кепілдіктерін ұсынбақ. Шенеуніктің айтуынша, жоспар аясында Еуропа аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын Ресеймен де келіседі.
Жоспардың үшінші бағыты – энергетикалық келісім арқылы Ресей, Украина және Еуропаның экономикалық интеграциясы. Басылымның мәліметінше, мұның бір нұсқасы Ресей мұнайы мен газын Еуропаға жеткізетін құбыр болуы мүмкін. Одан түсетін пайда Ресей мен Украина арасында бөлінеді. Бұдан бөлек, реттеу жоспарында Ресейге қарсы санкцияларды алып тастаудың нақты мерзімдері мен шарттары қарастырылған.
Жоспардың соңғы бөлігі – қазіргі майдан шебі бойында атысты тоқтату.