Пәтер ұтып алған әйелге жүлдесін бермеген компаниядан 7,6 млн теңге өндірілді

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСудебное заседание, архивное фото
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2026
Жазылу
Конкурс ұйымдастырушысы пәтерді басқа адамға беріп жіберген
АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. Қостанай облысының Меңдіқара аудандық соты конкурстың бас жүлдесін жеңіп алған тұрғынның құқығын қорғады, деп хабарлайды облыстық сот.
Жеңімпаз атанған әйел сыйлығын ала алмаған соң сотқа жүгінген.
"Өткен жылдың шілдесінде жауапкер ЖШС әлеуметтік желіде конкурс жариялап, бас жүлдеге пәтер тіккен. Ал қазан айында талап қоюшы көпшілік алдында конкурс жеңімпазы деп жарияланған. Оның жеңімпаз атанғаны скриншоттармен расталды және жауапкер бұл дерекке дау айтпаған", – делінген сот хабарламасында.
Алайда серіктестік жеңімпазға пәтер беруден бас тартқан.
"ЖШС өкілдері талап қоюшының аккаунты жалған болғанын, осыған байланысты конкурс нәтижелері жойылып, қайта ұтыс ойнатылғанын және оның қорытындысы бойынша жүлде басқа қатысушыға берілгенін мәлімдеді", – деп хабарлады сот.
Талап қоюшы мен оның өкілі жауапкердің уәждерімен келіспеген. Олар аккаунттың әйелдің жеке парақшасы екенін және конкурс өткізілгенге дейін әлдеқайда бұрын ашылғанын көрсеткен. Ал жауапкер әйелдің аккаунты жалған болғанын растайтын нақты дәлелдер ұсынбаған.
"Істі қарау барысында IP-мекенжайлар тексерілмегені, аккаунттардың бір тұлғаға тиесілі екені анықталмағаны және әлеуметтік желідегі парақшаны тексерудің техникалық құралдары қолданылмағаны белгілі болды. Осылайша, талап қоюшының аккаунты жалған болғаны туралы жауапкердің уәждері сотқа ұсынылған дәлелдермен жеткілікті түрде расталмады", – деп хабарлады Қостанай облыстық соты.
Сот шешімімен конкурс ұйымдастырған ЖШС-ден жеңімпаздың пайдасына 7 682 000 теңге өндірілді.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Старт продаж iPhone 13 - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2025
Ақтөбеде iPhone "ұтып" алған ер адам 1,5 млн теңгесінен айырылды
Жаңалықтар
0