Тоқаев мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату бойынша консультация өткізді
11:09 12.10.2026 (жаңартылды: 11:22 12.10.2026)

© Sputnik / Санат Имангалиев
Жазылу
Консультациялар барысында премьер-министр Бектенов пен Құрылтай төрағасы Дәдебай қарастырылып отырған мәселеге қатысты өз ұсыныстарын жеткізді
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Тоқаев мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға қатысты түпкілікті шешім қабылдайтынын айтты.
Президент премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен консультациялар өткізді.
Мемлекет басшысы азаматтардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету, жергілікті бюджеттерді бекіту және өңірлердің дамуын бақылау үшін мәслихаттардың толыққанды жұмысының маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ депутаттық корпусты жаңарту жергілікті өкілді органдардың қызметін едәуір күшейтетініне сенім білдірді.

"ҚР Конституциясының 88-бабының 5-тармағына сәйкес жүргізілген консультациялар барысында премьер-министр Олжас Бектенов пен Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай қарастырылып отырған мәселеге қатысты өз ұсыныстарын жеткізді", - деп жазды президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу қорытындысы бойынша президент Конституцияның негізгі ережелеріне толық сәйкес және айтылған пікірлерді ескере отырып, түпкілікті шешім қабылдайтынын айтты.