"Ықыласыңызға тәнтіміз": Бельгия королі Тоқаевқа көрсеткен құрметі үшін алғыс айтты

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі және патшайымымен шағын құрамда келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі және патшайымымен шағын құрамда келіссөз жүргізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2026
Жазылу
Келер жылы Қазақстан мен Бельгия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 35 жыл толады
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі және патшайымымен шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Келіссөз барысында президент Бельгиялықтар королі мен патшайымының Қазақстанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары екіжақты серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашатын тарихи уақиға екенін атап өтті.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі және патшайымымен шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Переговоры Токаева и короля и королевы Бельгии  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі және патшайымымен шағын құрамда келіссөз жүргізді.
"Сізді Астанада қарсы алғаныма қуаныштымын. Бұл – мен үшін зор мәртебе. Тарихи сапарыңыз жұртшылықтың үлкен қызығушылығын тудырды. Қазақстанға келген делегация құрамына Үкімет пен аймақтық билік, іскерлік топтар, академиялық қауымдастық және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері енген. Сіз Тақ мұрагері ретінде Қазақстанға үш мәрте келген едіңіз. Елімізбен қарым-қатынасты дамыту жөніндегі ниетіңізді жоғары бағалаймыз", – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы Бельгияны Қазақстанның Еуропадағы уақыт сынынан өткен сенімді серіктесі деп санайтынын жеткізді. айтуынша, келер жылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 35 жыл толады.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі және патшайымымен шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Переговоры Токаева и короля и королевы Бельгии  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі және патшайымымен шағын құрамда келіссөз жүргізді.
"Бельгияға бес жыл бұрын жасаған сапар барысындағы мазмұнды келіссөздерді ықыласпен еске аламын. Биыл маусым айында Бельгияға барған сапарымда премьер-министр Барт де Вевермен келіссөз жүргізіп, серіктестікті нығайтуға қос тарап та бейіл екенін растадық", – деді мемлекет басшысы.
Король Филипп пен патшайым Матильда қонақжайлығы және сый-құрметі үшін президентке ризашылығын білдірді.

Олар еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарына және халықаралық аренадағы биік абырой-беделіне арнайы тоқталды.
"Қазақстан – біз үшін қарқынды дамып келе жатқан өте маңызды ел. Жалпы, Бельгия тұтас Орталық Азия өңіріне айрықша қызығушылықпен қарайды. Бұл өңірдің мәні зор. Менімен бірге үлкен делегация келді. Әлбетте, біз бір-бірімізді өте жақсы білеміз. Президент мырза, бізбен бірге жүру үшін жұмыс кестеңізді өзгерткеніңізді білемін. Осы ықыласыңызға тәнтіміз", – деді Бельгиялықтар королі Филипп.
Торжественная церемония встречи короля бельгийцев в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2026
Тоқаев Бельгия королі мен патшайымын Ақордада ресми қарсы алды
Жаңалықтар
0