Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясындағы қазақстандықтарға үндеу жасады

© Sputnik / Санат ИмангалиевМинистерство иностранных дел Казахстана
Министерство иностранных дел Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2026
Жазылу
Эр-Рияд әуежайына хуситтер шабуыл жасады
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға байланысты аталған елде жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
СІМ азаматтарға мынадай сақтық шараларын ұстануды ұсынады:
сақтық шараларын қатаң сақтап, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындау;
аса қажеттілік болмаса, әуежайларға бармау және рейстердің мәртебесін әуе компанияларынан алдын ала нақтылау;
адам көп жиналатын орындар мен қауіптілігі жоғары нысандардан аулақ болу;
шұғыл емес сапарларды мүмкіндігінше кейінге қалдыру.
Төтенше жағдай туындаған кезде Қазақстан азаматтары Қазақстанның Эр-Риядтағы елшілігіне немесе Жиддадағы бас консулдығына хабарласа алады.
Жедел байланыс телефондары:
Эр-Рияд қаласындағы консул: +966 55 663 01 77;
Жидда қаласындағы консул: +966 53 275 80 80.
Сыртқы істер министрлігі азаматтарды ҚР СІМ мен жергілікті құзыретті органдардың ресми ақпарат көздерін тұрақты бақылап отыруға шақырады.
Сауд Арабиясының астанасындағы әуежайға 10 және 11 қазанда шабуыл жасалды. Шабуылдарға жауапкершілікті Йемен хуситтері өз мойнына алды.
Аэропорт Эр-Рияда - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2026
Видео
Эр-Рияд әуежайына жасалған шабуылдардан қаза тапқандар саны 14-ке жетті
Жаңалықтар
0