https://sputnik.kz/20261012/qaztransoyl-togyz-ayda-kqk-zhuyesine-munay-auystyryp-tieu-kolemin-42-ga-arttyrdy-67506934.html
"ҚазТрансОйл" тоғыз айда КҚК жүйесіне мұнай ауыстырып тиеу көлемін 42%-ға арттырды
"ҚазТрансОйл" тоғыз айда КҚК жүйесіне мұнай ауыстырып тиеу көлемін 42%-ға арттырды
Sputnik Қазақстан
"ҚазТрансОйл" АҚ-ның мұнай бойынша шоғырландырылған жүк айналымы 34,425 млрд тонна-километрді құрады 12.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-12T21:01+0500
2026-10-12T21:01+0500
2026-10-12T21:01+0500
мұнай
экспорт
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1b/65250721_0:125:1200:800_1920x0_80_0_0_364e56c23bee1992ccb5204e37db25c4.jpg
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. "ҚазТрансОйл" магистральдық мұнай құбырының ұлттық операторы 2026 жылдың тоғыз айында мұнай тасымалдау көлемінің артқанын хабарлады.Сонымен қатар "ҚазТрансОйл" АҚ-ның мұнай тасымалдау және мұнай өнімдерін ауыстырып тиеудің шоғырландырылған көлемі 35,809 млн тоннаны құрады. Бұл 2025 жылғы көрсеткіштен 3%-ға артық."ҚазТрансОйл" АҚ-ның мұнай бойынша шоғырландырылған жүк айналымы 34,425 млрд тонна-километрді құрады. Бұл 2025 жылдың тоғыз айындағы көрсеткіштен 1%-ға артық."ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізу көлемі 13,796 млн тоннаны құрады. Оның ішінде:Есепті кезеңде "Өзен – Атырау – Самара" магистральдық мұнай құбырының "Атырау – Самара" учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 7,573 млн тоннаны құрады. ТОН-2 мұнай құбыры учаскесі бойынша 9,156 млн тонна мұнай тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 5%-ға жоғары."Атасу – Алашаңқай" магистральдық мұнай құбырына 8,525 млн тонна мұнай ауыстырып тиелді. Бұл 2025 жылғы көрсеткіштен 3%-ға артық.Ақтау портында "ҚазТрансОйл" АҚ қуаттарын пайдалана отырып, танкерлерге 2,608 млн тонна мұнай құйылды. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 7%-ға артық. Оның ішінде "Баку – Тбилиси – Джейхан" бағыты бойынша ауыстырып тиеу көлемі 24%-ға өсіп, 1,164 млн тоннаны құрады."Қазақстан-Қытай Құбыры" ЖШС мұнай құбырлары жүйесі арқылы 14,807 млн тонна мұнай тасымалданды. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2%-ға жоғары. Мұнайдың жүк айналымы 13,404 млрд тонна-километрді құрады. Бұл 2025 жылдың тоғыз айындағы нәтижеден 4%-ға артық."СЗТК "МұнайТас" ЖШС мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдау көлемі 5,030 млн тоннаны құрады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға жоғары. Мұнайдың жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға артып, 2,051 млрд тонна-километрді құрады."Батуми мұнай терминалы" ЖШҚ компаниялар тобы бойынша мұнайды, мұнай өнімдерін және газды ауыстырып тиеу көлемі 1,417 млн тоннаны құрады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен бірдей. "Магистральдық Су құбыры" ЖШС-нің "Астрахань – Маңғышлақ" магистральдық су құбыры арқылы Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына 18,344 млн текше метр тұщы су жеткізілді.
https://sputnik.kz/20261001/qazaqstan-munay-ondeu-kolemin-39-mln-tonnaga-deyin-ulgaytady-67209018.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1b/65250721_0:0:1068:800_1920x0_80_0_0_1666f677c3308abb0e638038048b29d9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, экспорт
"ҚазТрансОйл" тоғыз айда КҚК жүйесіне мұнай ауыстырып тиеу көлемін 42%-ға арттырды
"ҚазТрансОйл" АҚ-ның мұнай бойынша шоғырландырылған жүк айналымы 34,425 млрд тонна-километрді құрады
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. "ҚазТрансОйл" магистральдық мұнай құбырының ұлттық операторы 2026 жылдың тоғыз айында мұнай тасымалдау көлемінің артқанын хабарлады.
"Каспий Құбыр Консорциумы-Қ" АҚ жүйесіне мұнай ауыстырып тиеу көлемі 3,570 млн тоннаны құрады. Бұл 2025 жылғы көрсеткіштен 42%-ға жоғары", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар "ҚазТрансОйл" АҚ-ның мұнай тасымалдау және мұнай өнімдерін ауыстырып тиеудің шоғырландырылған көлемі 35,809 млн тоннаны құрады. Бұл 2025 жылғы көрсеткіштен 3%-ға артық.
"ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы 34,392 млн тонна мұнай тасымалданды. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 4%-ға жоғары", – деп нақтылады компания.
"ҚазТрансОйл" АҚ-ның мұнай бойынша шоғырландырылған жүк айналымы 34,425 млрд тонна-километрді құрады. Бұл 2025 жылдың тоғыз айындағы көрсеткіштен 1%-ға артық.
"ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізу көлемі 13,796 млн тоннаны құрады. Оның ішінде:
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-не – 4,065 млн тонна;
"ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС-не – 4,207 млн тонна;
"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-не – 4,864 млн тонна;
"СП "CASPI BITUM" ЖШС-не – 660 мың тонна мұнай жеткізілді.
Есепті кезеңде "Өзен – Атырау – Самара" магистральдық мұнай құбырының "Атырау – Самара" учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 7,573 млн тоннаны құрады. ТОН-2 мұнай құбыры учаскесі бойынша 9,156 млн тонна мұнай тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 5%-ға жоғары.
"Атасу – Алашаңқай" магистральдық мұнай құбырына 8,525 млн тонна мұнай ауыстырып тиелді. Бұл 2025 жылғы көрсеткіштен 3%-ға артық.
"Оның ішінде есепті кезеңде аталған бағыт бойынша қазақстандық мұнай экспортының көлемі 984 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 26%-ға жоғары", – делінген хабарламада.
Ақтау портында "ҚазТрансОйл" АҚ қуаттарын пайдалана отырып, танкерлерге 2,608 млн тонна мұнай құйылды. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 7%-ға артық. Оның ішінде "Баку – Тбилиси – Джейхан" бағыты бойынша ауыстырып тиеу көлемі 24%-ға өсіп, 1,164 млн тоннаны құрады.
"Қазақстан-Қытай Құбыры" ЖШС мұнай құбырлары жүйесі арқылы 14,807 млн тонна мұнай тасымалданды. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2%-ға жоғары. Мұнайдың жүк айналымы 13,404 млрд тонна-километрді құрады. Бұл 2025 жылдың тоғыз айындағы нәтижеден 4%-ға артық.
"СЗТК "МұнайТас" ЖШС мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдау көлемі 5,030 млн тоннаны құрады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға жоғары. Мұнайдың жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға артып, 2,051 млрд тонна-километрді құрады.
"Батуми мұнай терминалы" ЖШҚ компаниялар тобы бойынша мұнайды, мұнай өнімдерін және газды ауыстырып тиеу көлемі 1,417 млн тоннаны құрады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен бірдей.
"Магистральдық Су құбыры" ЖШС-нің "Астрахань – Маңғышлақ" магистральдық су құбыры арқылы Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына 18,344 млн текше метр тұщы су жеткізілді.