Елде амандасу әдебіне байланысты әдістеме әзірленіп жатыр

© Photo : Рixabay/geralt Елде амандасу әдебіне байланысты әдістеме әзірленіп жатыр
Елде амандасу әдебіне байланысты әдістеме әзірленіп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2026
Жазылу
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жұмыс тобын құрды
АЛМАТЫ, 12 қазан - Sputnik. Қазақстан мектептерінде амандасу әдебіне байланысты әдістеме әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы әзірленді. Мазмұнына – тәуелсіздік пен патриотизм, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік туралы ақпарат енгізілген.

"Қазіргі уақытта бағдарлама республикадағы барлық 20 877 білім беру ұйымында: 12 066 мектепке дейінгі ұйымда, 8 048 мектепте және 763 колледжде оқу және сабақтан тыс тәрбие жұмыстары, сынып және курс сағаттары аясында жүзеге асырылып жатыр", - дейді министрлік.

Бүгінгі таңда оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ғалымдар, сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдерінен жұмыс тобын құрды.
"Олар білім алушылардың амандасу әдебіне байланысты әдістемелік ұсынымдар әзірлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - дейді министрлік.
Айтуларынша, аталған ұсынымдардың мазмұнында білім беру процесіне қатысушылардың, мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдардың ұсыныстары мен пікірлері ескеріледі және депутаттармен қосымша талқыланады.
Депутат мектептерте балаларға амандасу әдебін үйретуді ұсынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2026
Депутат мектептерде балаларға амандасу әдебін үйретуді ұсынды
Жаңалықтар
0