https://sputnik.kz/20261012/eki-adam-ulanyp-qaza-tapqan-esirtki-zertkhanasyn-uyymdastyrushysy-reseyden-ekstraditsiyalandy-67491627.html
Екі адам уланып қаза тапқан: есірткі зертханасын ұйымдастырушысы Ресейден экстрадицияланды
Екі адам уланып қаза тапқан: есірткі зертханасын ұйымдастырушысы Ресейден экстрадицияланды
Sputnik Қазақстан
Оған 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген 12.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-12T10:37+0500
2026-10-12T10:37+0500
2026-10-12T10:37+0500
бас прокуратура
экстрадицияланды
күдікті
қылмыстық топ
видео
https://sputnik.kz/img/379/81/3798100_0:160:3075:1890_1920x0_80_0_0_45e169df0dc2db6971df2ff8d6950af1.jpg
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Бас прокуратура психотроптық заттарды заңсыз өндірумен және өткізумен айналысқан қылмыстық топты ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.Тергеу барысында күдіктінің Алматы қаласы мен елдің басқа да аумақтарында мефедрон өндірумен және өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оған басшылық еткені анықталды.2024 жылы ұйымдастырушының нұсқауы бойынша Алматыда бірнеше есірткі зертханасы жабдықталған. Олардың бірінде психотроптық заттарды өндіру барысында екі қатысушы ауыр химиялық улануға ұшырап, қайтыс болған.Осыған қарамастан, жаңа орындаушыларды тарта отырып, қылмыстық әрекет жалғастырылған."2024 жылғы 19 қыркүйекте полиция қызметкерлері зертханалардың бірінің қызметін тоқтатты. Тінту барысында 24 кг-нан астам химиялық заттар, жабдықтар, қорғанышқұралдары мен дайын өнім табылды", - делінген хабарламада.2025 жылғы шілдеде күдікті Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша елге экстрадицияланды.Бүгінгі күні ол тергеу изоляторына қамалды. Оның мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
https://sputnik.kz/20261003/bes-zhyldan-beri-izdeude-zhurgen-qazaqstandyq-shetelden-ekstraditsiyalandy-67271489.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/379/81/3798100_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_c3efff6f4e777575dd972e23bb5364fe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, экстрадицияланды, күдікті, қылмыстық топ
бас прокуратура, экстрадицияланды, күдікті, қылмыстық топ
Екі адам уланып қаза тапқан: есірткі зертханасын ұйымдастырушысы Ресейден экстрадицияланды
Оған 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Бас прокуратура психотроптық заттарды заңсыз өндірумен және өткізумен айналысқан қылмыстық топты ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.
Тергеу барысында күдіктінің Алматы қаласы мен елдің басқа да аумақтарында мефедрон өндірумен және өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оған басшылық еткені анықталды.
2024 жылы ұйымдастырушының нұсқауы бойынша Алматыда бірнеше есірткі зертханасы жабдықталған. Олардың бірінде психотроптық заттарды өндіру барысында екі қатысушы ауыр химиялық улануға ұшырап, қайтыс болған.
Осыған қарамастан, жаңа орындаушыларды тарта отырып, қылмыстық әрекет жалғастырылған.
"2021 жылдан бастап ол қаражатқа мұқтаж адамдарды қылмыстық әрекетке тартып отырған. Қатысушылар психотроптық заттарды өндіру, тасымалдау, өлшеп-орау және тарату бойынша әртүрлі міндеттерді атқарған, ал олардың әрекеттері Telegram мессенджері арқылы қашықтан үйлестірілген", - дейді Бас прокуратура.
"2024 жылғы 19 қыркүйекте полиция қызметкерлері зертханалардың бірінің қызметін тоқтатты. Тінту барысында 24 кг-нан астам химиялық заттар, жабдықтар, қорғанышқұралдары мен дайын өнім табылды", - делінген хабарламада.
2025 жылғы шілдеде күдікті Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша елге экстрадицияланды.
Бүгінгі күні ол тергеу изоляторына қамалды. Оның мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.