Қазақстан Сауд Арабиясындағы азаматтық инфрақұрылымдарға шабуылдарды қатаң айыптайды - СІМ

© Sputnik / Санат ИмангалиевСыртқы істер министрлігі
Сыртқы істер министрлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2026
Жазылу
Бір күн бұрын Эр-Риядтағы әуежайға шабуыл жасалып, салдарынан 12 адам қаза тапты және 300-ден астам адам жарақат алды
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. ​​Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдарғы қатысты елдің ұстанымын жариялады.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі хусит жасақтарының Сауд Арабиясындағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасаған әрі адам шығынына әкеп соққан шабуылдарын қатаң айыптады.
"Мұндай шабуылдарға гуманитарлық тұрғыдан жол беруге болмайды. Олар халықаралық құқық нормаларын бұзады. Бұл әрекеттер Йемендегі ахуалды тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерге нұқсан келтіріп, қақтығысты саяси жолмен реттеуге кедергі келтіреді", - деп жазылған хабарламада.
Министрлікте шабуылдарды дереу тоқтатуға және дағдарысты тек саяси-дипломатиялық құралдар арқылы шешуге шақырды.
Қазақстан Сауд Арабиясы Корольдігімен ынтымақтастық танытып, оның БҰҰ Жарғысына сәйкес өз егемендігі мен қауіпсіздігін қорғауға құқылы екенін растайды, дейді ведомствода.
Еске салайық, бір күн бұрын Эр-Риядтағы әуежайға шабуыл жасалып, салдарынан 12 адам қаза тапты және 300-ден астам адам жарақат алды.
Ақорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2026
Тоқаев Иран аумағынан зымырандармен шабуылдау әрекеттерін айыптады
Жаңалықтар
0