https://sputnik.kz/20261010/taza-qazaqstan-bastamasyna-qatysushylar-sany-7-mln-adamnan-asty-67450489.html
"Таза Қазақстан" бастамасына қатысушылар саны 7 млн адамнан асты
"Таза Қазақстан" бастамасына қатысушылар саны 7 млн адамнан асты
Sputnik Қазақстан
"Таза Қазақстан" бастамасын жүзеге асыру басталғаннан бері елді мекендерде 7 миллионнан астам ағаш, ал мемлекеттік орман қорының аумақтарында 1 миллиардтан... 10.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-10T09:51+0500
2026-10-10T09:51+0500
2026-10-10T09:51+0500
қоқыс тазалаушылар
ағаш
https://sputnik.kz/img/07ea/09/13/66812459_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_0796cc04be1071073133e81bf53f88d7.jpg
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Егер 2025 жылы "Таза Қазақстан" бастамасына 6 млн адам қатысса, осы жылдың қаңтар айынан қазіргі уақытқа дейін 7 миллионнан астам азамат атсалысқан, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі."Таза Қазақстан" бастамасын жүзеге асыру басталғаннан бері елді мекендерде 7 миллионнан астам ағаш, ал мемлекеттік орман қорының аумақтарында 1 миллиардтан астам тұқым пен көшет отырғызылды.Өскелең ұрпақтың экологиялық біліміне және кері байланысты цифрландыруға ерекше көңіл бөлінуде.265 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде "Жасыл балабақша" бағдарламасы енгізілген, мектептерде 560 мыңнан астам тақырыптық сынып сағаттары өткізілген. TazaQazBot Telegram-арнасы іске қосылып, ол арқылы елді мекендердің аумағын абаттандыру мәселелері, санитарлық жағдайы жөнінде 57 мыңнан астам өтініш келіп түскен.Аумақтарды санитарлық тазарту аясында 9 мыңнан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылып, 3,8 млн тоннаға жуық қоқыс жиналды.Бүгінде мемлекет қалдықтар мәселесін жүйелі түрде шешуге көшті, оларды жинаудан бастап терең өңдеу және кәдеге жаратуға дейінгі кешенді шараларды қолға алды.Мысалы, шетелдік инвесторларды тарта отырып, Астана, Алматы қалалары мен Жамбыл облысында жалпы құны 300 млрд теңгеден асатын және қуаты тәулігіне 4,4 мың тоннаға дейін жететін заманауи қоқыс өңдеу кешендері салынуда. Жаңа нысандар қоқысты көмуден Waste-to-Energy (қайта өңделмейтін фракциялардан электр энергиясын өндіру) технологиясына көшуге мүмкіндік береді, бұл өңірлердегі полигондарды босатуға септік етпек. Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату зауыттарын салу жөніндегі осындай жобалар Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Павлодар және еліміздің басқа да ірі қалаларында жоспарлануда.6 жыл ішінде 18,1 млн ағаш отырғызылды. Орманды қалпына келтіру жұмыстары аясында осы кезеңде 1 млн гектардан астам алқапқа шамамен 1,7 млрд ағаш отырғызылды. Қазақстанның орманды алқаптарының көлемі 14 млн гектарға жетті.
https://sputnik.kz/20260426/taza-qazaqstan-abay-oblysynda-4-mynnan-astam-akimshilik-quqyq-buzushylyq-anyqtaldy-62984002.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/13/66812459_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_c4ec1d766c8cdc0f1b4b290152784d7d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қоқыс тазалаушылар, ағаш
"Таза Қазақстан" бастамасына қатысушылар саны 7 млн адамнан асты
"Таза Қазақстан" бастамасын жүзеге асыру басталғаннан бері елді мекендерде 7 миллионнан астам ағаш, ал мемлекеттік орман қорының аумақтарында 1 миллиардтан астам тұқым пен көшет отырғызылды
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Егер 2025 жылы "Таза Қазақстан" бастамасына 6 млн адам қатысса, осы жылдың қаңтар айынан қазіргі уақытқа дейін 7 миллионнан астам азамат атсалысқан, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
"Таза Қазақстан" бастамасын жүзеге асыру басталғаннан бері елді мекендерде 7 миллионнан астам ағаш, ал мемлекеттік орман қорының аумақтарында 1 миллиардтан астам тұқым пен көшет отырғызылды.
Өскелең ұрпақтың экологиялық біліміне және кері байланысты цифрландыруға ерекше көңіл бөлінуде.
265 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде "Жасыл балабақша" бағдарламасы енгізілген, мектептерде 560 мыңнан астам тақырыптық сынып сағаттары өткізілген. TazaQazBot Telegram-арнасы іске қосылып, ол арқылы елді мекендердің аумағын абаттандыру мәселелері, санитарлық жағдайы жөнінде 57 мыңнан астам өтініш келіп түскен.
Аумақтарды санитарлық тазарту аясында 9 мыңнан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылып, 3,8 млн тоннаға жуық қоқыс жиналды.
Бүгінде мемлекет қалдықтар мәселесін жүйелі түрде шешуге көшті, оларды жинаудан бастап терең өңдеу және кәдеге жаратуға дейінгі кешенді шараларды қолға алды.
Мысалы, шетелдік инвесторларды тарта отырып, Астана, Алматы қалалары мен Жамбыл облысында жалпы құны 300 млрд теңгеден асатын және қуаты тәулігіне 4,4 мың тоннаға дейін жететін заманауи қоқыс өңдеу кешендері салынуда. Жаңа нысандар қоқысты көмуден Waste-to-Energy (қайта өңделмейтін фракциялардан электр энергиясын өндіру) технологиясына көшуге мүмкіндік береді, бұл өңірлердегі полигондарды босатуға септік етпек. Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату зауыттарын салу жөніндегі осындай жобалар Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Павлодар және еліміздің басқа да ірі қалаларында жоспарлануда.
"Кәдеге жарату алымы қаражаты есебінен қалдықтарды басқару саласындағы жобалар қаржыландырылуда. Бүгінгі таңда белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді, мәселен, мақұлданған жалпы сомасы 371,9 млрд теңге болатын 68 жобаның 122,6 млрд теңгелік 34 жобасы қаржыландырылды. Бұл ретте оның 9,9 млрд теңге болатын 15-і пайдалануға берілді. Сонымен қатар, EcoQoldau бағдарламасы аясында қағаз, шыны, шиналар мен пластикті қоса алғанда, қалдықтардың 162 мыңнан астам түрін жинауға 5,3 млрд теңге бағытталды", - делінген үкімет хабарламасында.
6 жыл ішінде 18,1 млн ағаш отырғызылды. Орманды қалпына келтіру жұмыстары аясында осы кезеңде 1 млн гектардан астам алқапқа шамамен 1,7 млрд ағаш отырғызылды. Қазақстанның орманды алқаптарының көлемі 14 млн гектарға жетті.