https://sputnik.kz/20261010/shekarada-182-mln-tengenin-altynyn-ultaragyna-zhasyrgan-qyrgyz-ayelinin-areketi-ashkerelendi-67453312.html
Шекарада 182 млн теңгенің алтынын ұлтарағына жасырған қырғыз әйелінің әрекеті әшкереленді
Шекарада 182 млн теңгенің алтынын ұлтарағына жасырған қырғыз әйелінің әрекеті әшкереленді
Sputnik Қазақстан
Қырғызстан азаматы алтын құймаларды өз елінде сатып алған. Кейін оларды Қытайға заңсыз жеткізу мақсатында "Қордай Авто" өткізу пункті арқылы Қазақстан аумағына... 10.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-10T11:55+0500
2026-10-10T11:55+0500
2026-10-10T11:55+0500
қазақ-қырғыз шекарасы
қырғыз азаматы
алтын құйма
https://sputnik.kz/img/07ea/07/11/64995848_0:400:853:880_1920x0_80_0_0_a1a0ba7b21869512ff0621fdc800d427.jpg
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Құны 182,3 млн теңге болатын алты алтын құйма мемлекет кірісіне өткізілді. Салмағы 2,8 келі болатын бағалы металды Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы Қытайға заңсыз алып өтпек болған, деп хабарлайды Бас прокуратура.Бас көлік прокуратурасының өтінішхаты негізінде сот алтын құймаларға қатысты сотқа дейінгі тәркілеу шарасын қолданды. Прокуратураның мәліметінше, Қырғызстан азаматы алтын құймаларды өз елінде сатып алған. Кейін оларды Қытайға заңсыз жеткізу мақсатында "Қордай Авто" өткізу пункті арқылы Қазақстан аумағына кіргізген.Әйел кедендік және шекаралық бақылаудан өту кезінде бағалы металды жасыруға тырысқан. Ол алтын құймаларды аяқ киімінің ұлтарағының астына жасырған. Алайда "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында жүргізілген тексеру кезінде алтын анықталып, тәркіленді.Тәркіленген алты құйманың жалпы салмағы 2,8 келі, ал алтынның тазалығы 99 пайыздан асады. Олардың жалпы құны 182,3 млн теңгеге бағаланған.Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20260227/zhambyl-oblysynda-shekaradan-60-mln-tengenin-temekisin-zansyz-otkizbek-bolgan-61476166.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/11/64995848_0:320:853:960_1920x0_80_0_0_e6543c8a9330474c0b4bc44915f000ef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақ-қырғыз шекарасы, қырғыз азаматы, алтын құйма
қазақ-қырғыз шекарасы, қырғыз азаматы, алтын құйма
Шекарада 182 млн теңгенің алтынын ұлтарағына жасырған қырғыз әйелінің әрекеті әшкереленді
Қырғызстан азаматы алтын құймаларды өз елінде сатып алған. Кейін оларды Қытайға заңсыз жеткізу мақсатында "Қордай Авто" өткізу пункті арқылы Қазақстан аумағына кіргізген
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Құны 182,3 млн теңге болатын алты алтын құйма мемлекет кірісіне өткізілді. Салмағы 2,8 келі болатын бағалы металды Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы Қытайға заңсыз алып өтпек болған, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Бас көлік прокуратурасының өтінішхаты негізінде сот алтын құймаларға қатысты сотқа дейінгі тәркілеу шарасын қолданды.
Прокуратураның мәліметінше, Қырғызстан азаматы алтын құймаларды өз елінде сатып алған. Кейін оларды Қытайға заңсыз жеткізу мақсатында "Қордай Авто" өткізу пункті арқылы Қазақстан аумағына кіргізген.
Әйел кедендік және шекаралық бақылаудан өту кезінде бағалы металды жасыруға тырысқан. Ол алтын құймаларды аяқ киімінің ұлтарағының астына жасырған. Алайда "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында жүргізілген тексеру кезінде алтын анықталып, тәркіленді.
Тәркіленген алты құйманың жалпы салмағы 2,8 келі, ал алтынның тазалығы 99 пайыздан асады. Олардың жалпы құны 182,3 млн теңгеге бағаланған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.