https://sputnik.kz/20261010/pavlodarda-poyyz-qagyp-bir-ayagynan-ayyrylgan-zhigit-aurukhanada-koz-zhumdy-67456853.html
Павлодарда пойыз қағып, бір аяғынан айырылған жігіт ауруханада көз жұмды
Павлодарда пойыз қағып, бір аяғынан айырылған жігіт ауруханада көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Науқас ауыр жарақат алып, сол жақ аяғынан айырылған. Дәрігерлер оның өмірі үшін 8 күн күресті 10.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-10T14:29+0500
2026-10-10T14:29+0500
2026-10-10T14:29+0500
павлодар
пойыз
https://sputnik.kz/img/07e9/03/12/51713225_0:45:865:532_1920x0_80_0_0_c16e101fcc7abac9ed4914ba6bc5da59.jpg
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Павлодар қаласының теміржол вокзалында пойыз басып кетіп, аяғынан айырылған 22 жастағы жігіт сегіз күннен кейін ауруханада қайтыс болды.Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 2004 жылы туған азамат 2026 жылғы 30 қыркүйекте аса ауыр жағдайда Г. Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға жеткізілген. Науқас ауыр жарақат алып, сол жақ аяғынан айырылған.Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғаға байланысты Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20260814/atyrauda-er-adamdy-poyyz-qagyp-koz-zhumdy-65725397.html
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/12/51713225_48:0:817:577_1920x0_80_0_0_4b4fd663fd10682fc0107088d0f1f4aa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, пойыз
Павлодарда пойыз қағып, бір аяғынан айырылған жігіт ауруханада көз жұмды
Науқас ауыр жарақат алып, сол жақ аяғынан айырылған. Дәрігерлер оның өмірі үшін 8 күн күресті
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Павлодар қаласының теміржол вокзалында пойыз басып кетіп, аяғынан айырылған 22 жастағы жігіт сегіз күннен кейін ауруханада қайтыс болды.
Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 2004 жылы туған азамат 2026 жылғы 30 қыркүйекте аса ауыр жағдайда Г. Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға жеткізілген. Науқас ауыр жарақат алып, сол жақ аяғынан айырылған.
"Оған шұғыл ота жасалып, кейін бірнеше рет хирургиялық ота жүргізілген. Сондай-ақ қарқынды терапия мен реанимациялық шаралар қабылданған. Алайда дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, алған жарақаттарының ауырлығынан жас жігіт 8 қазанда көз жұмды", – деп хабарлады жедел жәрдем станциясы.
Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғаға байланысты Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.