Саясат

Елімізге мемлекеттік сапармен Бельгия королі мен патшайымы келеді

© Sputnik / Владислав ВодневРезиденция президента Казахстана Акорда
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2026
Жазылу
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Қазақстан мен Бельгия арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. 11-14 қазан күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Бельгия королі Филипп пенпатшайымы Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорда.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Қазақстан мен Бельгия арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен король Филипп және патшайым Матильда "Қазақстан-Бельгия" іскерлік кеңесінің 4-отырысына және екі ел жоғары оқу орындары ректорларының форумына, сондай-ақ басқа да іс-шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.
Сапар қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжатқа қол қойылады.
Мемлекет басшысы Оман сұлтанын елорда әуежайында қарсы алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2026
Оман сұлтаны Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Жаңалықтар
0