Ұлттық банк құрамында сирек металл бар коллекциялық монета шығарды

© Sputnik / Санат ИмангалиевНациональный банк Казахстана
Национальный банк Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2026
Жазылу
Коллекциялық монетаның жалпы салмағы – 32,8 грамм. Оның ішінде 31,1 грамы – күміс, 1,7 грамы – ниобий
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі "Қазақстанның жер қойнауы" сериясымен жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Монета "Nb (Ниобий)" деп аталады. Оның құрамында металлургияда, электроникада, сондай-ақ аэроғарыш және атом өнеркәсібінде қолданылатын сирек металл — ниобий бар.
"Монета ежелгі грек мифологиясындағы кейіпкер, Танталдың қызы Ниобаның құрметіне аталған. 925 сынамалы күмістен жасалған монетаға ниобий орнатылған. Монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды", – деп хабарлады Ұлттық банк өкілдері.
Коллекциялық монетаның жалпы салмағы – 32,8 грамм. Оның ішінде 31,1 грамы – күміс, 1,7 грамы – ниобий.
© Photo : Ұлттық банк"Nb (ниобий)" коллекциялық монетасы
Nb (ниобий) коллекциялық монетасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2026
"Nb (ниобий)" коллекциялық монетасы
Номиналы 1 000 теңгелік монета 1 000 данамен шығарылды. Оны 12 қазаннан бастап Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.
Айта кетері, коллекциялық монеталар Қазақстан аумағында өз номиналына сәйкес төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады. Сондай-ақ оларды елдегі барлық банкте банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.
Национальный банк Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2026
Ұлттық банк екі жаңа коллекциялық монета шығарды
Жаңалықтар
0