Түрікменстанда Каспий жағалауына Бәйтеректің көшірмесі қойылды

© Photo : Ақорданың баспасөз қызметіТүрікменстанда Каспий жағалауына Бәйтеректің көшірмесі қойылды
Түрікменстанда Каспий жағалауына Бәйтеректің көшірмесі қойылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2026
Жазылу
ТМД елдерінің басшылары павильондарды аралап, ұлттық тағамдардың дайындалу барысымен танысты
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Түрікменстанда ұлттық тағамдар фестивалі аясында Қазақстанның павильоны ашылды. Оның аумағына Астанадағы Бәйтерек монументінің көшірмесі қойылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Фестиваль ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы қарсаңында Каспий жағалауындағы "Аваза" туристік аймағында ұйымдастырылды. Оған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты.
ТМД елдерінің басшылары павильондарды аралап, ұлттық тағамдардың дайындалу барысымен танысты. Олар Қазақстанның ұлттық павильонына да барды. Мұнда еліміздің тарихи-мәдени мұрасы мен заманауи жетістіктерін таныстыратын бірнеше тақырыптық алаң ұйымдастырылды. Сондай-ақ киіз үйлер тігіліп, Астанадағы Бәйтерек монументінің көшірмесі қойылды.
Ал Түрікменстанның павильонында жергілікті бақша өнімдері, нан-тоқаш тағамдары мен түрікмен кілемдері қойылған көрме ашылды. Мемлекет басшыларына "Оғыздар" атты әдеби-сазды қойылым көрсетілді.
Айта кетейік, бүгін "Аваза" кешенінде ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтеді.
Жаңалықтар
0