Қырымда ҰОС кезіндегі неміс арнайы қызметінің агенттері туралы құжаттар жария болды

© Sputnik / Константин МихальчевскийҚырым
Қырым - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2026
Жазылу
Олар кейін тұтқындалып, өлім жазасына кесілген
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қырымдағы неміс арнайы қызметінің делдалдары мен агенттері туралы мұрағаттық құжаттар құпиялықтан шығарылып, жария етіңлді, деп хабарлады Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің Қырым басқармасы.
"Жария етілген құжаттар нацистерден азат етілген Қырымда мемлекеттік қауіпсіздік органдары "СД" неміс арнайы қызметінің қызметкерлері мен агенттері, басқыншылардың белсенді серіктестері – С.Н.Мышековты, А.А.Гильденбергті, А.П.Лукинді, А.М.Станилеевті, М.Д. Трубачты, О.С. Шпакты және басқаларды анықтап, ұстағанын көрсетеді", - делінген мәлімдемеде.
Ведомствоның мәліметінше, тергеу бұл азаматтардың Қырым түбегіндегі кеңес халқына қарсы геноцидке жеке қатысқанын – бейбіт тұрғындарды ату жазасын орындағанын, әйелдерді зорлағанын, балаларды өлтіргенін және партизандарды және кеңес патриоттарын немістерге ұстап беріп отырғанын, олар кейін тұтқындалып, өлім жазасына кесілгенін анықтады.
"КСРО ІІХК арнайы жиынының 1944 жылдың 16 қыркүйегіндегі қаулысымен Мышеков, Гильденберг және Лукин өлім жазасына кесілді, ал қалған қылмыскерлер әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады ведомствода.
Сондай-ақ, басқармада хабарлағандай, Ұлы Отан соғысы жылдары және одан кейін қауіпсіздік қызметкерлері кеңестік әскери тұтқындарға қарсы қылмыстарға қатысып, Отанға опасыздық жасаған басқа да сатқындарды іздеп тауып, жауапкершілікке тартқан.
Жаңалықтар
0