https://sputnik.kz/20261009/elordalyq-oqushy-tiktok-koretin-balalardyn-zeyinin-zertteytin-neyrozhoba-azirledi-67447723.html
Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі
Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі
Sputnik Қазақстан
Жоба аясында қысқа бейнелерді көруге дейінгі және кейінгі нәтижелер салыстырылып, мидың мадақтау жүйесі мен дофаминнің рөлі қарастырылады 09.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-09T21:01+0500
2026-10-09T21:01+0500
2026-10-09T21:01+0500
астана
оқушы
жоба
https://sputnik.kz/img/07e9/02/01/50481043_2:0:1920:1079_1920x0_80_0_0_28b1b82596dd2351e267de0be352faa4.jpg
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Елордалық оқушы Tiktok және Youtube көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Астана қаласындағы Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Сетқазы Мирас TikTok және YouTube платформаларындағы қысқа видеолардың балалардың зейініне ықпалын зерттейтін нейрожоба әзірледі.Жобаның мақсаты – қысқа видеоларды көру уақыты мен зейін тұрақтылығы арасындағы байланысты тәжірибе арқылы анықтау.Жоба аясында қысқа бейнелерді көруге дейінгі және кейінгі нәтижелер салыстырылып, мидың мадақтау жүйесі мен дофаминнің рөлі қарастырылады. Оқушы зерттеу нәтижелерін ғылыми тұрғыдан түсіндіруге және себеп-салдар байланысын асыра бағаламауға мән береді.Жобаның практикалық нәтижесі ретінде цифрлық гигиена ережелері, жадынама мен ақпараттық буклет әзірлеу жоспарланған. Бұл материалдар оқушыларға экран уақытын саналы басқаруға және сабақ кезінде зейінін шоғырландыруға көмектеседі.Жобаның негізгі мақсаты – смартфоннан бас тарту емес, цифрлық технологияны тиімді пайдаланып, зейінді басқару дағдысын қалыптастыру, дейді әкімдікте.
https://sputnik.kz/20260815/mektep-oqushysy-qansha-sagat-uyyqtau-kerek---ministrlik-kenes-berdi--65729827.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/01/50481043_280:0:1719:1079_1920x0_80_0_0_8009b0cabdcea6e0198147cf90d3fbae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, оқушы, жоба
Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі
Жоба аясында қысқа бейнелерді көруге дейінгі және кейінгі нәтижелер салыстырылып, мидың мадақтау жүйесі мен дофаминнің рөлі қарастырылады
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Елордалық оқушы Tiktok және Youtube көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласындағы Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Сетқазы Мирас TikTok және YouTube платформаларындағы қысқа видеолардың балалардың зейініне ықпалын зерттейтін нейрожоба әзірледі.
Жобаның мақсаты – қысқа видеоларды көру уақыты мен зейін тұрақтылығы арасындағы байланысты тәжірибе арқылы анықтау.
"Зерттеу барысында оқушылардың экран уақыты талданып, сауалнама жүргізіледі. Сондай-ақ Шульте кестесі мен Бурдон түзету сынамасы арқылы зейінді шоғырландыру жылдамдығы, тұрақтылығы мен дәлдігі бағаланады", - деп жазылған хабарламада.
Жоба аясында қысқа бейнелерді көруге дейінгі және кейінгі нәтижелер салыстырылып, мидың мадақтау жүйесі мен дофаминнің рөлі қарастырылады. Оқушы зерттеу нәтижелерін ғылыми тұрғыдан түсіндіруге және себеп-салдар байланысын асыра бағаламауға мән береді.
Жобаның практикалық нәтижесі ретінде цифрлық гигиена ережелері, жадынама мен ақпараттық буклет әзірлеу жоспарланған. Бұл материалдар оқушыларға экран уақытын саналы басқаруға және сабақ кезінде зейінін шоғырландыруға көмектеседі.
Жобаның негізгі мақсаты – смартфоннан бас тарту емес, цифрлық технологияны тиімді пайдаланып, зейінді басқару дағдысын қалыптастыру, дейді әкімдікте.