https://sputnik.kz/20261009/almatyda-marmeladqa-tolep-susabyndy-zhasyryn-alyp-otpek-bolgan-er-adam-ustaldy--video-67423819.html
Алматыда мармеладқа төлеп, сусабынды жасырын алып өтпек болған ер адам ұсталды – видео
Алматыда мармеладқа төлеп, сусабынды жасырын алып өтпек болған ер адам ұсталды – видео
Sputnik Қазақстан
Сатушылар күмәнді әрекетті дер кезінде байқап, дабыл қаққан 09.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-09T09:16+0500
2026-10-09T09:16+0500
2026-10-09T09:16+0500
алматы
дүкен
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_6deb2211ca90f488731622230f819646.jpg
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Алматыдағы дүкендердің бірінде ер адам қымбат сусабынды киімінің астына жасырып, төлем жасамай алып кетпек болған. Алайда оның әрекетін сатушылар байқап, полиция шақырған.Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары күдіктіні ұстаған. Белгілі болғандай, дүкенге екі ер адам кіріп, алдымен ішімдік сөрелерін, кейін тұрмыстық химия бөлімін аралаған.Кассаға келгенде олардың бірі тек мармеладтың ақшасын төлеп, сусабынды жасырын алып өтпек болған. Бірақ сатушылар күмәнді әрекетті дер кезінде байқап, дабыл қаққан.Күдіктіні ұстау кезінде оның таныс әйелдерінің бірі араша түсуге тырысып, жанжал шығарған. Ол полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, жағдайды ушықтырған.Нәтижесінде сусабынды төлемей алып кетпек болған ер адам мен оған араша түскен әйел полиция басқармасына жеткізілді.
https://sputnik.kz/20220429/politsiya-duken-urlyq-video-24553269.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_223:0:2954:2048_1920x0_80_0_0_a69e5681614903ce37291f43e578aff7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, дүкен
Алматыда мармеладқа төлеп, сусабынды жасырын алып өтпек болған ер адам ұсталды – видео
Сатушылар күмәнді әрекетті дер кезінде байқап, дабыл қаққан
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Алматыдағы дүкендердің бірінде ер адам қымбат сусабынды киімінің астына жасырып, төлем жасамай алып кетпек болған. Алайда оның әрекетін сатушылар байқап, полиция шақырған.
Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары күдіктіні ұстаған. Белгілі болғандай, дүкенге екі ер адам кіріп, алдымен ішімдік сөрелерін, кейін тұрмыстық химия бөлімін аралаған.
Кассаға келгенде олардың бірі тек мармеладтың ақшасын төлеп, сусабынды жасырын алып өтпек болған. Бірақ сатушылар күмәнді әрекетті дер кезінде байқап, дабыл қаққан.
Күдіктіні ұстау кезінде оның таныс әйелдерінің бірі араша түсуге тырысып, жанжал шығарған. Ол полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, жағдайды ушықтырған.
Нәтижесінде сусабынды төлемей алып кетпек болған ер адам мен оған араша түскен әйел полиция басқармасына жеткізілді.