https://sputnik.kz/20261008/qtzh-temir-zhol-manynda-mal-zhaygany-ushin-ayyppuldy-eki-esege-arttyrudy-usyndy-67403789.html
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлды екі есеге арттыруды ұсынды
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлды екі есеге арттыруды ұсынды
Sputnik Қазақстан
Жыл басынан бері 378 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды 08.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-08T12:01+0500
2026-10-08T12:01+0500
2026-10-08T12:01+0500
теміржол
мал
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/08/67396521_0:63:720:468_1920x0_80_0_0_85c4ed0416961ddee4a6abf5a27f9962.jpg
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" компаниясы темір жол маңында мал жаю үшін салынатын айыппұлды екі есеге арттыруды жоспарлап отыр.2025 жылға дейін мал иелеріне ескерту жасалатын. Кейін бұл шара қатаңдатылды. Қазір бірден 5 АЕК, яғни 21 625 теңге көлемінде айыппұл салынады. Қайталанған жағдайда 10 АЕК немесе 43 250 теңге айыппұл қарастырылған.Сонымен қатар ҚТЖ халық арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр.ҚТЖ мәліметінше, жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар нәтиже беріп жатыр. 2026 жылдың тоғыз айында пойыздардың мал басып кетуіне байланысты 584 жағдай тіркелген. Ал 2025 жылдың осы кезеңінде мұндай 648 жағдай болған.
https://sputnik.kz/20230227/aqmola-oblysy-zhuk-poyyzy-bir-uyir-zhylqy-32501816.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/08/67396521_33:9:660:479_1920x0_80_0_0_2d13bd8f811f27a0d1379439b85f84d4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теміржол, мал
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлды екі есеге арттыруды ұсынды
Жыл басынан бері 378 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" компаниясы темір жол маңында мал жаю үшін салынатын айыппұлды екі есеге арттыруды жоспарлап отыр.
2025 жылға дейін мал иелеріне ескерту жасалатын. Кейін бұл шара қатаңдатылды. Қазір бірден 5 АЕК, яғни 21 625 теңге көлемінде айыппұл салынады. Қайталанған жағдайда 10 АЕК немесе 43 250 теңге айыппұл қарастырылған.
"Қазір ҚТЖ айыппұлды екі есеге: бірінші рет бұзғаны үшін 10 АЕК-ке дейін, ал бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 20 АЕК-ке дейін арттыруды жоспарлап отыр. ҚТЖ мал иелерінен мал жаю ережелерін қатаң сақтауды және темір жол маңында малды қараусыз қалдырмауды сұрайды", – деп мәлімдеді ұлттық тасымалдаушы.
Сонымен қатар ҚТЖ халық арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр.
"ҚТЖ әкімдіктермен және көлік полициясымен бірлесіп, мал иелерімен белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жыл басынан бері 1,3 мыңға жуық түсіндіру кездесуі өткізіліп, оған шамамен 34 мың адам қатысты. 52 мыңнан астам мал иесі мал жаю және жануарларды темір жол арқылы айдап өту ережелерімен таныстырылды. 378 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады компания.
ҚТЖ мәліметінше, жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар нәтиже беріп жатыр. 2026 жылдың тоғыз айында пойыздардың мал басып кетуіне байланысты 584 жағдай тіркелген. Ал 2025 жылдың осы кезеңінде мұндай 648 жағдай болған.