https://sputnik.kz/20261008/nepal-men-tibettegi-tabigi-apat-zhogalgan-eki-qazaqstandyqtyn-tagdyry-azirge-belgisiz-67420197.html
Непал мен Тибеттегі табиғи апат: жоғалған екі қазақстандықтың тағдыры әзірге белгісіз
Непал мен Тибеттегі табиғи апат: жоғалған екі қазақстандықтың тағдыры әзірге белгісіз
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін Қазақстаннан келген үш турист хабар-ошарсыз кеткен деп есептелген болатын 08.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-08T20:53+0500
2026-10-08T20:53+0500
2026-10-08T20:53+0500
сыртқы істер министрлігі
табиғи апат
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07ea/08/1b/66139718_0:320:3072:2048_1920x0_80_0_0_fe0e338f44ff4aa93e11dc57aa987824.jpg
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі Непал мен Тибеттегі табиғи апат аймағында қалған Қазақстан азаматтарының жағдайын бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.Непал тарапының мәліметінше, Непал аумағындағы іздеу-құтқару операциясы 5 қазанда ресми түрде аяқталды. Қазіргі уақытта зардап шеккен аудандарда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, осы жұмыстар барысында табылған мәйіттер мен жеке заттардың тиістілігі анықталып жатыр.Сонымен қатар ҚХР Тибет автономиялық ауданында ең көп зардап шеккен Гьиронг уезінде іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қытай тарапы сонымен қатар мәйіттерді анықтау және генетикалық сараптама бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.Қалған екі отандасымыздың тұрған жері әзірге анықталмаған."Олардың туыстары анықтауға қажетті рәсімдерден өтті, оның ішінде Непал мен ҚХР-дың құзыретті органдары белгілеген тәртіпке сәйкес, ДНҚ-ны талдау үшін биологиялық материал тапсырды", - деп хабарлады министрлікте.Қазақстандық дипломаттар хабарсыз кеткендердің отбасыларымен байланыста бола отырып, оларға қажет қолдауды көрсетіп жатыр, дейді ведомствода.
https://sputnik.kz/20260916/nepalda-zhogalgan-qazaqstandyqtar-ali-tabylgan-zhoq---sim-66695339.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/1b/66139718_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_043cb6dca485c36b9c56572914be4f05.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыртқы істер министрлігі, табиғи апат, қазақстан
сыртқы істер министрлігі, табиғи апат, қазақстан
Непал мен Тибеттегі табиғи апат: жоғалған екі қазақстандықтың тағдыры әзірге белгісіз
Бұған дейін Қазақстаннан келген үш турист хабар-ошарсыз кеткен деп есептелген болатын
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі Непал мен Тибеттегі табиғи апат аймағында қалған Қазақстан азаматтарының жағдайын бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.
Непал тарапының мәліметінше, Непал аумағындағы іздеу-құтқару операциясы 5 қазанда ресми түрде аяқталды. Қазіргі уақытта зардап шеккен аудандарда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, осы жұмыстар барысында табылған мәйіттер мен жеке заттардың тиістілігі анықталып жатыр.
Сонымен қатар ҚХР Тибет автономиялық ауданында ең көп зардап шеккен Гьиронг уезінде іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қытай тарапы сонымен қатар мәйіттерді анықтау және генетикалық сараптама бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
"Бұған дейін Қазақстаннан келген үш турист хабар-ошарсыз кеткен деп есептелген болатын. Екеуі Непалда, біреуі Қытайда делінген. Непалда болуы мүмкін деп саналған және хабарсыз кеткендер тізімінде тұрған олардың біреуімен байланыс орнатылды. Оның табиғи апат аймағына сапардан бас тартқаны анықталды. Қазіргі уақытта ол Қазақстанда", - деп жазылған хабарламада.
Қалған екі отандасымыздың тұрған жері әзірге анықталмаған.
"Олардың туыстары анықтауға қажетті рәсімдерден өтті, оның ішінде Непал мен ҚХР-дың құзыретті органдары белгілеген тәртіпке сәйкес, ДНҚ-ны талдау үшін биологиялық материал тапсырды", - деп хабарлады министрлікте.
Қазақстандық дипломаттар хабарсыз кеткендердің отбасыларымен байланыста бола отырып, оларға қажет қолдауды көрсетіп жатыр, дейді ведомствода.