Кім екені белгісіз: Қордай ауруханасында науқас үш жылдан бері жатыр

© Photo : Пресс-служба акима АстаныАким Астаны Женис Касымбек посетил строящиеся медучреждения Астаны
Аким Астаны Женис Касымбек посетил строящиеся медучреждения Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2026
Жазылу
Пациенттің жеке басын куәландыратын құжаттары, тұрғылықты жері және туыстары туралы нақты мәліметтер жоқ
АЛМАТЫ, 8 қазан – Sputnik. Жамбыл облысының Қордай аудандық ауруханасында кім екені белгісіз науқас үш жылдан бері ем алып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты растады. Шамамен 60 жастағы науқас Қордай аудандық орталық ауруханасында медициналық бақылауда. Ол алғаш рет ауруханаға шалғайдағы жайылым аумағынан құжатсыз және тұрақты тұрғылықты жері жоқ күйде жеткізілген.
"Қазіргі уақытта пациенттің жеке басын куәландыратын құжаттары, сондай-ақ оның азаматтығы, тұрғылықты жері және туыстары туралы нақты мәліметтер жоқ. Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйелерінен оның жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін деректер де табылған жоқ", – деп хабарлады басқарма.
Қазір науқас Қордай аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімінде жатыр. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, күтім жасалып, тамақ беріледі.
"Науқасты өз бетінше шығару немесе басқа мекемеге орналастыру мүмкін болмағандықтан, медициналық және әлеуметтік сипаттағы мәселе тиісті органдармен бірлесіп шешіліп жатыр", – деп хабарлады Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Полиция қызметкерлері дереу тексеру жұмыстарын жүргізген.
"Әйелдің бұған дейін шаруа қожалықтарының бірінде тұрып, жұмыс істегені анықталды. Оның еркінен тыс ұсталғаны немесе мәжбүрлі еңбекке тартылғаны туралы дерек тіркелмеді", – дейді Жамбыл облысының полиция департаменті.
Полицияның мәліметінше, әйелдің денсаулық жағдайы ауыр болғандықтан, одан қажетті мәліметтерді алу мүмкін болмаған. Сонымен қатар оның туған жері туралы нақты ақпарат беретін адамдар да анықталмаған. Осыған байланысты қазіргі уақытта оның кім екенін анықтап, тиісті құжаттарын рәсімдеу мүмкін болмай отыр.
Соған қарамастан, полиция оның туыстары мен жақындарын анықтау және іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2026
Ауруханада шу шығарған әйел айыппұл арқалады
Жаңалықтар
0