https://sputnik.kz/20261008/kiim-iletin-zherde-oqushylar-sygylysyp-qaldy-direktor-qyzmetinen-bosatyldy-67405458.html
Киім ілетін жерде оқушылар сығылысып қалды: директор қызметінен босатылды
Киім ілетін жерде оқушылар сығылысып қалды: директор қызметінен босатылды
Sputnik Қазақстан
Білім басқармасы бейнебақылау жазбаларын зерттеу нәтижесінде оқушының есінен танып, құлағаны туралы ақпарат расталмағанын мәлімдеді 08.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-08T14:33+0500
2026-10-08T14:33+0500
2026-10-08T14:33+0500
астана
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e7/02/09/31948047_0:89:3325:1959_1920x0_80_0_0_dc08314bd0f16ca0363f875e7d60a512.jpg
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Астанада №99 мектептің директоры қызметінен босатылды. Бұған оқушылардың киім ілетін жерде жаппай жиналып, сығылысып қалғаны себеп болды, деп хабарлайды қалалық білім басқармасы.Әлеуметтік желіде тараған видеода мектептің киім ілетін бөлмесінде оқушылардың бір уақытта көп жиналғанын көруге болады.Қалалық білім басқармасының мәліметінше, екінші ауысымдағы сабақ кестесінің дұрыс ұйымдастырылмауына байланысты жеті сыныптың оқушылары сабақтан бір уақытта шыққан. Соның салдарынан киім ілетін жерде адам саны күрт көбейген.Білім басқармасы бейнебақылау жазбаларын зерттеу нәтижесінде оқушының есінен танып, құлағаны туралы ақпарат расталмағанын мәлімдеді. Қазір мектепте сырт киім ілетін аймақтағы қызметкерлердің кезекшілігі күшейтіліп, оқушылардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылданды.Оқиғаға байланысты мектеп директоры қызметінен босатылды.
https://sputnik.kz/20221118/talgar-oqushylar-mektep-direktory-tusinikteme-29438293.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/09/31948047_297:0:3028:2048_1920x0_80_0_0_ed8e94316d6d891868c0fa4be2aa5d92.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, мектеп
Киім ілетін жерде оқушылар сығылысып қалды: директор қызметінен босатылды
Білім басқармасы бейнебақылау жазбаларын зерттеу нәтижесінде оқушының есінен танып, құлағаны туралы ақпарат расталмағанын мәлімдеді
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Астанада №99 мектептің директоры қызметінен босатылды. Бұған оқушылардың киім ілетін жерде жаппай жиналып, сығылысып қалғаны себеп болды, деп хабарлайды қалалық білім басқармасы.
Әлеуметтік желіде тараған видеода мектептің киім ілетін бөлмесінде оқушылардың бір уақытта көп жиналғанын көруге болады.
Қалалық білім басқармасының мәліметінше, екінші ауысымдағы сабақ кестесінің дұрыс ұйымдастырылмауына байланысты жеті сыныптың оқушылары сабақтан бір уақытта шыққан. Соның салдарынан киім ілетін жерде адам саны күрт көбейген.
Білім басқармасы бейнебақылау жазбаларын зерттеу нәтижесінде оқушының есінен танып, құлағаны туралы ақпарат расталмағанын мәлімдеді. Қазір мектепте сырт киім ілетін аймақтағы қызметкерлердің кезекшілігі күшейтіліп, оқушылардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылданды.
Оқиғаға байланысты мектеп директоры қызметінен босатылды.