https://sputnik.kz/20261008/kelesi-zhyldan-bastap-10-zhardemaqyny-tagayyndau-tartibi-ozgeredi-67397841.html
Келесі жылдан бастап 10 жәрдемақыны тағайындау тәртібі өзгереді
Келесі жылдан бастап 10 жәрдемақыны тағайындау тәртібі өзгереді
Sputnik Қазақстан
2027 жылға арналған жәрдемақы төлеу тәртібі бекітілді 08.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-08T10:41+0500
2026-10-08T10:41+0500
2026-10-08T10:41+0500
жәрдемақы
көпбалалы отбасы
жалғызбасты ана
күміс алқа
алтын алқа
әлеуметтік төлем
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d98eba81ee5241afee9e4512d3d1ddfc.jpg
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Үкімет жәрдемақыларды тағайындау шарттарын бекітті.Қаулыға сәйкес, тізімге 10 түрлі жәрдемақы енгізілді. Олар:Жәрдемақылар отбасының әлеуметтік әл-ауқатын объективті бағалау негізінде мұқтаждық қағидаты бойынша беріледі. Кейбір жәрдемақы түрлеріне бұл талап қолданылмайды.Сонымен қатар жәрдемақыларды, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлемді алу құқығы әдістемеге сәйкес әлеуметтік әл-ауқаты жоғары ("А" деңгейі) және ауқатты ("В" деңгейі) санаттарына жатқызылған адамдарға берілмейді.Жәрдемақы алу үшін азаматтар дербес деректерді, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия мәліметтерді жинауға және өңдеуге келісім беруі қажет. Сондай-ақ кредиттер мен қарыздарға қатысты мәліметтер де ескеріледі.Қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.Үкімет қаулысының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
https://sputnik.kz/20260102/2026-zhyly-kopbalaly-otbasylarga-beriletin-zhardemaqy-molsheri-qansha---infografika-59930837.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_491:0:2742:1688_1920x0_80_0_0_f498ff6b890b4f65f94aba87e9ab5e95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жәрдемақы, көпбалалы отбасы, жалғызбасты ана, күміс алқа, алтын алқа, әлеуметтік төлем
жәрдемақы, көпбалалы отбасы, жалғызбасты ана, күміс алқа, алтын алқа, әлеуметтік төлем
Келесі жылдан бастап 10 жәрдемақыны тағайындау тәртібі өзгереді
2027 жылға арналған жәрдемақы төлеу тәртібі бекітілді
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Үкімет жәрдемақыларды тағайындау шарттарын бекітті.
Қаулыға сәйкес, тізімге 10 түрлі жәрдемақы енгізілді. Олар:
бала тууына байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
бала күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
марапатталған көпбалалы аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы.
Жәрдемақылар отбасының әлеуметтік әл-ауқатын объективті бағалау негізінде мұқтаждық қағидаты бойынша беріледі. Кейбір жәрдемақы түрлеріне бұл талап қолданылмайды.
Сонымен қатар жәрдемақыларды, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлемді алу құқығы әдістемеге сәйкес әлеуметтік әл-ауқаты жоғары ("А" деңгейі) және ауқатты ("В" деңгейі) санаттарына жатқызылған адамдарға берілмейді.
Жәрдемақы алу үшін азаматтар дербес деректерді, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия мәліметтерді жинауға және өңдеуге келісім беруі қажет. Сондай-ақ кредиттер мен қарыздарға қатысты мәліметтер де ескеріледі.
Қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкімет қаулысының толық мәтінімен
мына сілтеме арқылы танысуға болады.