Алматы облысында жүргізуші тротуардағы жаяу жүргіншілерді қағып кетті

© Photo : пресс-служба МВД КазахстанаПолицейский
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2026
Жазылу
Жүргізуші ұсталып, қамауға алынған
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Алматы облысында жүргізуші тротуардағы жаяу жүргіншілерді қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға видеоға түсіп қалған.
Желіде тараған ақпарат бойынша, жүргізуші алдымен артқа қарай қозғалған автокөлікке соғылған, кейін тротуарға шығып, жаяу жүргіншілерді қағып кеткен.
Облыстық полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Жүргізуші ұсталып, қамауға алынған.
"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - дейді полицейлер.
Жаңалықтар
0