Қыркүйекте сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша 93 адам күдікке ілінді

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2026
Жазылу
Аяқталған қылмыстық істерден келген шығын көлемі 3,7 млрд теңгеге жетті
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Биыл қыркүйекте Қазақстанда 106 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы тіркелді, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Тіркелген қылмыстардың басым бөлігі пара алу және беру, ұрлық, алаяқтық, заңсыз әрекеттер мен қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілеріне қатысты.
"Қылмыстық істер бойынша 93 адам күдікті деп танылды. 81 қылмыстық істі тергеу аяқталып, оның 78-і сотқа жіберілді", – деп хабарлады комитет.
Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал көлемі 3,7 млрд теңгені құрады.
Пара - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2023
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар күшейтіледі – Ақорда
Жаңалықтар
0