https://sputnik.kz/20261007/qazaqstan-reseymen-munay-zhetkizu-turaly-kelisimdi-2028-zhylga-deyin-uzartty-67366258.html
Қазақстан Ресеймен мұнай жеткізу туралы келісімді 2028 жылға дейін ұзартты
Қазақстан Ресеймен мұнай жеткізу туралы келісімді 2028 жылға дейін ұзартты
Sputnik Қазақстан
Келісім хаттамасын Құрылтай ратификациялады 07.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-07T11:16+0500
2026-10-07T11:16+0500
2026-10-07T11:17+0500
мұнай
қазақстан
ресей
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15434379_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_39ab4659e57fbb1d2e08cf834d3d18b2.jpg
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Құрылтай Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы келісімнің қолданылуын қайта бастау туралы хаттаманы ратификациялады.Әңгіме Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы болып отыр. Хаттама Ресейден мұнай өнімдерін Қазақстанға бажсыз импорттауға мүмкіндік береді.Бұдан бөлек, келісімнің қолданылуын қайта бастау мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізудің индикативті балансын қалыптастыру кезінде ынтымақтастықтың халықаралық-құқықтық негізін қамтамасыз етеді.Келісімнің қолданылу мерзімі 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды."Осы мерзім аяқталғаннан кейін тараптардың бірі келісімнің қолданылуын тоқтату ниеті туралы екінші тарапқа бастапқы немесе кезекті бес жылдық мерзім аяқталғанға дейін кемінде алты ай бұрын жазбаша хабарламаған жағдайда, құжат автоматты түрде бес жылдық кезеңдерге ұзартылады", – деп түсіндірді парламент.
https://sputnik.kz/20261001/qazaqstan-munay-ondeu-kolemin-39-mln-tonnaga-deyin-ulgaytady-67209018.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15434379_210:0:2941:2048_1920x0_80_0_0_0bb2e9843f1c59f6aea6ed7c7827c6e4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, қазақстан, ресей
Қазақстан Ресеймен мұнай жеткізу туралы келісімді 2028 жылға дейін ұзартты
11:16 07.10.2026 (жаңартылды: 11:17 07.10.2026) Келісім хаттамасын Құрылтай ратификациялады
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Құрылтай Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы келісімнің қолданылуын қайта бастау туралы хаттаманы ратификациялады.
Әңгіме Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы болып отыр. Хаттама Ресейден мұнай өнімдерін Қазақстанға бажсыз импорттауға мүмкіндік береді.
"Бажсыз режимді сақтау Қазақстанның ішкі нарығындағы мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне деген қажеттілікті қамтамасыз ету үшін практикалық маңызға ие. Мәселен, 2026 жылы күтілетін үнем шамамен 30 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде бензинге – 5,59 млрд теңге, дизель отынына – 15,75 млрд теңге және авиациялық отынға – 8,61 млрд теңге тиесілі", – деп хабарлады парламент.
Бұдан бөлек, келісімнің қолданылуын қайта бастау мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізудің индикативті балансын қалыптастыру кезінде ынтымақтастықтың халықаралық-құқықтық негізін қамтамасыз етеді.
"Хаттаманы ратификациялау Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жалғастыру үшін ғана емес, сонымен қатар мұнай өнімдерінің ішкі нарығындағы тұрақтылық пен Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де маңызды", – деп атап өтті Құрылтай.
Келісімнің қолданылу мерзімі 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды.
"Осы мерзім аяқталғаннан кейін тараптардың бірі келісімнің қолданылуын тоқтату ниеті туралы екінші тарапқа бастапқы немесе кезекті бес жылдық мерзім аяқталғанға дейін кемінде алты ай бұрын жазбаша хабарламаған жағдайда, құжат автоматты түрде бес жылдық кезеңдерге ұзартылады", – деп түсіндірді парламент.