"Әртүрлі болмауға тиіс": арнайы салық режимін өзгерту ұсынылды

© Региональная служба коммуникаций Алматинской областиДеньги, калькулятор. Иллюстративное фото
Деньги, калькулятор. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2026
Жазылу
Бір өңірде салық мөлшерлемесі 2% болса, басқа өңірде 6% болуы мүмкін
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Құрылтайдағы "Ақ жол" фракциясының депутаттары арнайы салық режимін өзгерту туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі бойынша корпоративтік немесе жеке табыс салығының базалық мөлшерлемесі 4%-ды құрайды. Ал жергілікті мәслихаттар бизнес түрі мен нысанның орналасқан жеріне қарай бұл мөлшерлемені 50%-ға дейін төмендетуге немесе көтеруге құқылы.
"Демек, бір өңірде салық мөлшерлемесі 2% болса, басқа өңірде 6% болуы мүмкін. Мұндай айырмашылық шағын бизнеске тікелей әсер етеді. Себебі салыққа көбірек қаражат жұмсалған сайын кәсіпкердің пайдасы азайып, бизнесті дамыту мүмкіндігі шектеледі. Бұған қоса, бірнеше өңірде жұмыс істейтін кәсіпкерлер мөлшерлемелер әртүрлі болған жағдайда әр өңір бойынша салық есебін бөлек жүргізуге мәжбүр. Бұл олардың жұмысын қиындатады", – деді депутат Дәурен Ахметжаев.
Оның айтуынша, бірдей қызметпен айналысатын кәсіпкерлердің салық жүктемесі тек жұмыс істейтін өңіріне байланысты әртүрлі болмауға тиіс. Бұл мәселе әсіресе ауылдар мен шағын қалалар үшін маңызды.
"Егер басқа өңірде салық мөлшерлемесі төмен болса, кәсіпкер өз бизнесін сол жаққа көшіруі мүмкін. Кәсіпкерлердің басқа өңірге қоныс аударуы бұрынғы елді мекендегі салық түсімдерінің азаюына және кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеуіне әкеледі. Біздің ұсынысымыздың мақсаты – салық жеңілдігін беру емес, салық жүктемесінің аумаққа қарай айырмашылығын жою", – деп атап өтті Құрылтай өкілі.
Такси - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2026
Мыңдаған такси жүргізушісі мен курьер салық төлей бастады – қаржы министрі
Жаңалықтар
0