"1,5 млн адамның банк шоты бұғатталған": Құрылтай үкіметке ұсыныс жолдады

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев выступил в Курултае
Касым-Жомарт Токаев выступил в Курултае - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2026
Жазылу
Қолданыстағы заң бойынша борышкердің шотындағы кірістің кемінде 50 пайызы және өмір сүруге қажетті ең төменгі қаражат сақталуға тиіс
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Құрылтай отырысында борышкерлердің банк шоттарын бұғаттау мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Отырыста депутат Алмас Мұхаметов ресми статистиканы жариялады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, бүгінде 90 күннен астам уақыт төленбеген проблемалық кредиттердің көлемі 1,8 триллион теңгеге жеткен. Ал 1,5 миллионнан астам адамның банк шотына тыйым салынған.
"Әрине, азамат алған қарызын қайтаруы керек. Бірақ қазір төлемдердің басым бөлігі цифрлық түрде жасалатынын ескерсек, шотына шектеу қойылған адам одан әрі қалай өмір сүреді? Жол ақысын, байланыс, су, жарық, жылу ақысын қалай төлейді? Азық-түлік пен дәрі-дәрмекті қалай сатып алады? Адамның қол-аяғын байлап қойып, одан жүгіруді қалай талап етеміз?! Тапқан табысы өз қолына тимейтін адамның еңбекке деген ынтасы төмендейді. Қарызды тұрақты табысы бар азамат қана өтей алады", – деді Мұхаметов.
Қолданыстағы заң бойынша борышкердің шотындағы кірістің кемінде 50 пайызы және өмір сүруге қажетті ең төменгі қаражат сақталуға тиіс.
"Бірақ бұл талап іс жүзінде толық орындала бермейді. Шотқа шектеу қойылған кезде адамның өзіне қалуға тиіс қаражатты пайдалану мүмкіндігі де шектеледі. Сондықтан заңдағы бұл талаптар банктер мен микроқаржы ұйымдарымен жасалатын шарттарда нақты көрсетілуі керек", – деп атап өтті депутат.
"Ауыл" партиясының фракциясы үкіметке депутаттық сауалмен бірге өз ұсыныстарын да жолдады. Олар:
борышкердің өмір сүруіне қажетті ең төменгі қаражаттың сақталуын несие шартында міндетті түрде көрсету;
бұл талапты банктердің жүйесі арқылы автоматты түрде іске асыру мүмкіндігін қарастыру;
банк шотына шектеу қойылған жағдайда адамның негізгі қажеттіліктеріне жұмсай алатын қаражатын пайдалану тәртібін нақты белгілеу.
БЖЗҚ - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2021
Қоғам
БЖЗҚ 120 мыңнан астам азаматтың зейнетақы шотын жабады
Жаңалықтар
0