Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

© PhotoҚазақстан президенті
Қазақстан президенті - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2026
Жазылу
Құжатқа қосылу Қазақстанға қылмыстық істер бойынша шетелден дәлелдемелер алуға және заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға мүмкіндік береді
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Тоқаев "Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропа конвенциясын ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысы "Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропа конвенциясын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - деп жазылған хабарламада.
Құжатқа қосылу Қазақстанға қылмыстық істер бойынша шетелден дәлелдемелер алуға және заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, механизм трансұлттық қылмыстарды тергеуді жеңілдетеді.
Қазақстанның жаңа Конституциясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2026
Президент жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты рақымшылық туралы заңға қол қойды
Жаңалықтар
0